Есептік-салықтық жүйенің ақпараттық ағындарын үйлестіру

Authors

  • А Бөкейханқызы Республика Казахстан
  • СК Байдыбекова Республика Казахстан

Abstract

Жаңа технологиялар күннен-күнге көз ілеспес жылдамдықпен дамып, қолданысқа еніп жатыр. Техникалық жаңалықтарды жеделдетіп енгізу мен тарату еліміз үшін жаңа мүмкіндіктер туғызуда. Экономикалық процестерді ақпараттандыру салықтық әкімшілендірудің жаңа механизмдерін әзірлеу және қолдану қажеттілігін негіздейді. Мемлекеттің экономикалық дамуының, тәуелсіздігінің бірден бір көрінісі - салықтар болып табылады. Қазіргі таңда еліміз салықтық есептеменің электрондық нысанына толығымен көшті десек те болады. Яғни, мемлекеттік бюджет пен салық төлеуші арасындағы қарым-қатынас барынша жетілуде. Салықтық әкімшілендірудің сапасы жақсарып, бюджетке түсім артуда. Цифрландыру - ұлттық экономиканың қозғаушы күші деп есептеуге болады. Еліміздің салық органдарын салықтық әкімшілендіру, декларация тапсыру, жаппай автоматтандыру, электронды нысанға көшіру бағытында тындырған шаруаларымыз өте жоғары деңгейде бағалануда. Әлемдік аренада мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуы, жоғары технологиялы мемлекет болып қалыптасуы, өзінің және мемлекеттік қатынастың барлық деңгейінде ұлттық экономикалық мүдделерді қорғай алуы да ақпаратты автоматтандырудың мықты қалыптасуына байланысты. Әлемдегі ең дамыған 30 елдердің қатарына қосылу біздің еліміздің жəне Елбасымыздың алға қойған мақсаттарының бірі. Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттілігін ескеріп, «Қазақстан-2050» даму стратегиясын қабылдадық деген болатын Елбасымыз [1]. Мемлекеттік органдар нақты уақыт және жедел жауап беру режимінде азаматтардың ескертпелері мен ұсыныстарын есепке алу үшін заманауи цифрлық технологияларды қолдануға тиіс. Мемлекет пен компаниялар жаңа технологияларды енгізе отырып, өз ақпараттық жүйелері мен құрылғыларының берік қорғалуын қамтамасыз етуі керек [2]. Соңғы жылдары жаңа технологиялар мәселесі әлемнің көптеген елдерінің экономисттері мен ғалымдарының назарында. Технологиялар нарығы мәселесі шетел әдебиеттерінде айтарлықтай кең зерттелген. Инновациялық процесстер теориясының негізгі ұғымын зерттеген, инновациялық қызмет туралы түсініктерді дәлелдеген австриялық ғалым - Й.Шумпетер [3]. Ол инновациялық процессті даму деп санаған, яғни жаңа тауар өндіру, жаңа ұйым, жаңа нарыққа шығу. Ресей ғалымдары Д.С.Львов, В.Е. Маевский кәсіпкерлердің инновациялық қызметі экономикалық дамудың қозғаушы күші деп санаған. Технологиялық құрылым концепциясын енгізген ғалым С.Ю.Глазьев [4]. Техникалық-экономикалық және инновациялық дамуды зерттеуде Н.Кондратьев үлкен үлес қосты. Н.Кондратьевтің[5] пайымдауынша, экономикалық циклдардың нәтижесінде әлемдік қауымдастықтың өндіргіш күштері өз мүмкіндіктерін сарқып бітіп, дамудың жаңа деңгейіне өту қажеттілігі туындайды деген. 2018 жылы 10 қантарда Елбасымыз «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын жариялады. Қаржы министрлігі жолдауды іске асыру шеңберінде салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыруға бағытталған бірқатар жобаларды іске асыруда. Осы қарқында жұмыстар жүргізіле берсе, 2025 жылға қарай салық қызметтері 95% электрондық форматта көрсетілетін болады.

References

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар. http://www.akorda.kz (01.06.2018ж)

А.Шарипов. Салық есебі.-Алматы. Экономика, 2009. -310б.

Шумпетер Й. Теория экономического развития. Капитализм, социализм и демократия. М.: «Эксмо», 2007. - 864 с.

Глазьев С., Львов Д. Длинные волны: НТП и социально-экономическое развитие. - Новосибирск: Наука, Сиб.отд. РАН, 1991. - 224 с.

Кондратьев Н. Д. Большие циклы конъюнктуры и теория предвидения / Кондратьев Н. Д., Яковец Ю. В.., Абалкин Л.И. — М.: Экономика, 2002. — 768 с.

Электрондық шот-фактуралар міндетті болуда. /URL: https://atameken.kz/kk/news/ (30.09.2015 ж.).

Published

2020-04-13

How to Cite

Бөкейханқызы, А., & Байдыбекова, С. (2020). Есептік-салықтық жүйенің ақпараттық ағындарын үйлестіру. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 15(671). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1140