Жаңартылған білім беру мазмұнында география сабағында оқушыларды кескін картамен жұмыс жасауға уйретудің маңызы

Authors

  • КД Баймуханова Республика Казахстан

Abstract

Қазіргі кезде салық жүйесінің тиімді қызмет етуі алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияны қолдануға байланысты. Бұл дегеніміз салық төлеушінің уақыты үнемделеді, салық органдарының қызмет көрсету сапасы жақсарады, бюджетке салықтық түсімдер уақытылы түсіп отырады, салықтан жалтару жағдайлары азаяды. Мемлекеттік бюджеттің 90 пайызы осы салықтық түсімдерден құралады. Салық дегеніміз бюджетке төленетін міндетті төлем. Әр қазақстандық тапқан табысының әділетті түрде бөлінетіндігін және де төлеген салығы мемлекеттің, халықтың игілігіне жұмсалып жатқандығын сезінуі қажет деп ойлаймын. Біздің басты мақсатымыз - салық жүйесінің жұмысының тиімділігін арттыру болып табылады. Қазіргі таңда салықтық және кедендік әкімшілендірудің сапасы жоғарылауда. Тауарлардың кедендік құнына бақылау жасау, кеден ережесін бұзушылықпен күрес күшейтілуде, жалған декларациялардың жолы кесілуде, көлеңкелі экономиканы барынша азайтудамыз. Салықтан жалтару қылмыстық іс болып саналады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексіне сәйкес мұндай категориялы қылмыстық істерді қаржы полициясы тексереді. Салық кодексіне сәйкес салық органдарының қызметкерлері салық полициясы органдарымен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Мемлекет пайда болған заманнан бері салық экономикалық қатынастың ажырамас бөлігіне айналды. Мемлекет құрылымының өзгеруі не дамуы салық жүйесіне әсер етпей қоймады. Қазіргі кездегі өркениетті мемлекеттерде салық мемлекеттің пайда көзінің бірі және негізгісі болып саналады. Мемлекетімізде салық комитетінің қызметін цифрализациялаудың жағымды әсерлерін атап өтуге болады. Яғни салық төлеушілердің уақыты үнемделеді, салық органдары қызметкерлерінің қызмет көрсету сапасы жоғарылайды, негізсіз айыппұлдарға жол берілмейді, төлем құжаттарының саны азаяды, анықталмаған төлемдерге жол берілмейді, еліміздің экономикасының дамуына оң ықпалын тигізеді, салық қызметкерлерінің қызмет көрсетуі жеделдейді, сыбайлас жемқорлық жағдайына жол берілмейді, салықтық түсімдердің динамикасының нақтылығы қамтамасыз етіледі, бір терезе қағидатын қолдану арқылы салық төлеушілер салық түрінің, оның кез келген топтастырылуы бойынша салықтардың түсуі туралы мәліметтерді шұғыл түрде ала алады. Қазақстан Республикасының аумағында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолма-қол есеп айырусылар онлайн бақылау-кассалық машиналары арқылы жүзеге асырылуға міндетті. Қазіргі таңда салық қомитетінде тіркелген кассалардың саны 533 мыңға жетті. Оның ішінде онлайн бақылау-кассалық машиналар саны 505 мың. Салық комитетінде тіркелген онлайн бақылау-кассалық машиналардың 62% пайызы стационарлық кассаларға тиесілі. Ал 38% пайызы компьютерлер, планшеттерде және мобильді смартфондарда жұмыс істейтін бақылау-кассалық түріндегі кассалар. Біздің мемлекетте 2020 жылдан бастап салық төлеу жүйесі Бірыңғай электрондық әмиян арқылы жүргізілуі мүмкін. Яғни салық декларациясының нысандары 30% пайызға оңтайландырылады деген сөз. Эстония мемлекетінің тәжірбиесіне сүйенсек, онда салық төлеушілер салықты бір реквизитке төлейді, сосын сол сома жеке тұлғалардың барлық салықтары бойынша автоматты түрде тарайды.

References

1

Published

2020-04-13

How to Cite

Баймуханова, К. (2020). Жаңартылған білім беру мазмұнында география сабағында оқушыларды кескін картамен жұмыс жасауға уйретудің маңызы. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 15(671). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1143