Мектеп математика курсындағы математикалық анализ элементтерін қолданбалылық және кәсіптік бағдар бағытында оқыту

Authors

  • КН Жақсылық Республика Казахстан
  • ГМ Ходжаниязова Республика Казахстан

Abstract

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Компьютер оқу үрдісінде қолданылатын оқытудың тиімді құралдарының бірі. Ол оқытудың әдістері мен мазмұнын анықтамайды.. Оқытудың компьютерлік технологиясы дегеніміз білім алушыларға ақпаратты компьютер арқылы дайындау және беру процесі. Компьютерлік технологияға әртүрлі оқыту әдістері жатады: бағдарламалық оқыту, танымдық оқыту, т.б. Қазіргі кезде компьютерлік технологияның даму деңгейі жаңа дәуірдің мультимедиялық, телекоммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін, толыққанды сапалы, нақты алғышарттар болып табылады. Математика сабақтарында жаңа технологияларды енгізу –білім сапасын көтеру негізі. Осы жаңа технологияларды пайдалану барысында оқушылардың пәнге қызығуларын, шығармашылықпен ойлауларын тереңдетеді. Математика сабағында ақпараттық технологияны тиімді пайдалану- білім сапасының артуына әкеледі. Жаңа ақпараттық технологияны математика сабақтарында пайдалана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, түрлі деңгейдегі есептерді шығарып, оны талдай білуге үйретеді. Жаңа технологиялар мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Ақпаратты оқыту технологиясының бүгінгі күні интрактивті тақта ерекше орын алып отыр. Оқушы интерактивті тақтамен жаңа материалдарды арнаулы программамен мүмкіндігінше пайдалана алады. Ондағы мақсат — оқушының өзінше ойлау қабілетін арттыру және қәзіргі заманғы интерактивті тақтамен жұмыс істеуге үйрету. Жаңа технологиялар оқушының шығармашылық белсенділігімен өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы болады.

References

Нұғысова А.Н. Элементар математика мен оның есептерін шығару практикумының бағдарламасы - Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996. - 35 б.

Нұғысова А.Н. 5-сыныпта математиканы оқытудың кейбір ерекшеліктері (әдістемелік құрал). – Алматы: Републикалық баспа кабинеті, 2000. – 72 б.

Нұғысова А.Н., Жүнісов Е.Ж Обучение студентов решению геометрических задач – Талдықорған: 2002. - 145с.

Published

2020-09-20

How to Cite

Жақсылық, К., & Ходжаниязова, Г. (2020). Мектеп математика курсындағы математикалық анализ элементтерін қолданбалылық және кәсіптік бағдар бағытында оқыту. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 37(693). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/115