Ақшаның болашақ құны

Authors

  • АҒ Болатова Республика Казахстан
  • АИ Ныйканбаева Республика Казахстан

Abstract

Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университеті. Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ. Аңдатпа: Бұл мақалада ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтері және оның болашақтағы құны қарастырылады. Яғни, біз бұл мақаладан, егер біз инвестор болатын болсақ, қандай да бір салаға немесе басқа да жұмыстарға инвестиция салатын болсақ, ақша қаражатының болашақтағы құнын біле алатын боламыз. Немесе керісінше, дәл қазір бұрын қанша инвестиция салғанымызды осы мақала анық біле алатын боламыз. Кілттік сөздер: ақша, инфляция, ақша айналымы, ақшаның болашақ құны, ақшаның ағымдағы құны. Ақша – барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар. Ақшаның объективті қажеттілігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасады. Тауар мен ақша бір-бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес. Ақша өндіріс және бөлу процессіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады: жалпыға тікелей айырбасталу формасы, айырбас құнының дербес формасы, еңбек өлшемінің заттай формасы. Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды. Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтері келесідей: құн өлшемі және баға масштабы, айналыс (айырбас) құралы, төлем құралы, қорлану және қор жинау құралы, дүниежүзілік ақша. Баға масштабы дегеніміз – ақша өлшемі ретінде мемлекет белгілеген белгілі бір металдың мөлшері және массасы. Құн өлшемі ақшаның экономикалық қызметі, ал баға масштабы тауардың құнын анықтау үшін емес бағаны белгілеу үшін заңды түрде белгілеген техникалық құрал. Айналыс қызметі құралы қызметінде ақша тауар айналысы процесінде делдалдық рөл атқарады. Т(тауар) - А(ақша) Т(тауар). Ақша айналыс қызметін атқаратындықтан да олардың саны, яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы және бағасы негізінде анықталады. Ал егер айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық болса, онда ақшаның құнсыздануы инфляцияға жол береді. Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай,сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді. Ақшаның қорлану қызметін атқару қашаннан алтынға жүктелген. Жалпыға ортақ қоғамдық байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айрысуларда, бір елдің екінші бір елге займ немесе субсидиялар беруі барысында қызмет етеді. Ақшаның уақытша құндылығы – бұл ақша қаражатының объективті мінездемесі. Оның мәні келесіде – бүгін бар ақша және болашақта алынатын ақша бір құндылы еместігінде тұрады. Бұл бір құндылық еместік үш негізгі себептермен анықталады:

References

1

Published

2020-04-13

How to Cite

Болатова, А., & Ныйканбаева, А. (2020). Ақшаның болашақ құны. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 15(671). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1151