Өндірістің зиянсыздығын талдау

Authors

  • ЖА Абулхаирова Республика Казахстан
  • АЖ Зейнуллина Республика Казахстан

Abstract

Өндірістің зиянсыздығын талдау «шығындардың-көлемдердің-табыстардың» арақатынасын талдаудың қисынды жалғасы болып табылады. Ұйым өзінің күнделікті нақты жағдайын талдау барысында, сол өндірістің зиянсыздығын талдауға басты орын береді. Демек, өндірістің зиянсыздығын талдау моделі біршама шектеулер мен болжамдар тұрғысында құрылуы мүмкін. Бірақ ол осындай жағдайларына қарамастан, шешім қабылдау барысында қолданатын ең күшті құрал болып табылады. Зиянсыздықты талдаудың мақсаты – белгілі бір деңгейде өндіріс көлемі (немесе оның өнімділігі) өзгерген жағдайда, қаржылық нәтижесі нендей өзгеріске ұшырайтынын анықтау болып табылады. Зиянсыздық нүктесіндегі деңгейін талдау ол барлық деңгейдегі басшыларға, болашақта дұрыс шешімді қабылдау үшін, шоғырланған түрдегі ақпараттарды береді. Талдаудың бұл түрі тәжірибеде үнемі қолданады, өйткені оның көмегімен әртүрлі балама бағдарламаға күрделі есептеулер жүргізбей-ақ тексеруге болады. Мұндай топтастыруда кірістер мен шығыстар туралы есеп берудің құрылымы мыналарды ұсынады: 1.Сату көлемі. 2.Өзгермелі шығын. 3.Маржиналдық табыс

References

Дюсембаев, К.Ш. Анализ финансовой отчетности.- Алматы, 2009.

ТурманидзеТ.У. Анализ и диагностика финансово – хозяйственной деятельности предприятий Алматы 2011

Published

2020-04-13

How to Cite

Абулхаирова, Ж., & Зейнуллина, А. (2020). Өндірістің зиянсыздығын талдау. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 15(671). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1152