Оңтүстік Қазақстан облысы Ұлы Отан соғысының ардагері - Анна Федоровна Шаля

Authors

  • ЖА Карсыбаева Республика Казахстан
  • НҚ Азхан Республика Казахстан

Abstract

1941-1945 жылдардағы кеңес халқының неміс басқыншылығына қарсы күресі уақыт өткен сайын өзінің өзектілігін жоғалтқан емес. Бұл тақырыптың әрбір қыры, аспектісі үлкен маңызға ие. Соның бірі- соғыс жылдарындағы әйелдердің майдан мен тылдағы рөліне деген қызығушылық артуда. Соғыс аяқталғаннан бергі 75 жыл уақыт ішінде бұл тақырыпқа мыңдаған ғылыми еңбектер, монографиялар, мақалалар т.б. зерттеулер арналды. Мұрағат қорларынан көптеген деректер ғылыми айналымға қосылып, басылып шыққан және жарияланбаған тарихи деректердің ауқымды кешені қалыптасты. Дегенмен де, соғыстағы әйелдер мәселесі әлі де арнайы зерттеуді қажет етеді. Кеңестік тарих ғылымында соғыстағы әйелдер мәселесін зерттеу екінші орында тұрды, оған толыққанды көңіл бөлінбеді. Сондықтан да майдан мен тылдағы ерліктер мен еңбекті әйелдердің қатысы тұрғысынан зерттеу берілген тақырыптың өзектілігін аша түседі. Әлем тарихында екінші дүниежүзілік соғысқа дейінге шайқастарға да әйелдердің қатысқаны белгілі. Ер адамдармен қатар әйелдер де шабуылға шығып, қару қолданды. Олар ерлермен қатар окоптар мен жертөлелерде өмір сүрді. Екінші дүниежүзілік соғыстың ерекше белгісі соғысқа азаматтық халық пен әйелдерді әскери күш ресурсы ретінде үлкен тартымдылығы болды. Кеңес одағы соғысқа әйелдердің қатысу ауқымы бойынша көшбасшы болды. Қызыл армияға тұрақты әскермен қатар жеке әйелдер жауынгерлік бөлімшелері кірді. Түрлі кезеңде майданда 600 мыңнан 1 млнға дейін әйел адамдар шайқасқа қатысқан, олардың 80 мыңы кеңес офицерлері болған [1, 5 б.]. Алайда, соғысқа қатысқан әйелдердің нақты саны туралы анықталған толыққанды фактілік дерек жоқ. Ұлы Отан соғысына 140 мыңнан астам оңтүстікқазақстандықтар қатысты, олардың жартысы майданнан оралмады. 51 жауынгер Кеңес Одағының батыры, сегіз майдангер Даңқ орденінің толық кавалері атағын алды. Сондай-ақ мыңдаған ардагер жауынгерлік ордендермен және медальдармен марапатталды. 2018 жылғы мәлімет бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында 174 соғыс ардагері, 4885 соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілгендер, 15733 тыл еңбеккерлері тұрған [2, 1 б.]. Соғысқа қатысып, бейбіт өмірге көшкен кезде облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып, қоғам дамуы үшін аянбай еңбек еткен майдангер әйелдердің бірі - Анна Федоровна Шаляны ерекше атап өту керек. Ұлы Отан соғысының ардагері Шаля (Лысенко) Анна Федоровна 1923 жылы 12 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданында дүниеге келген. Соғыс басталған уақытта мұғалімдер даярлау институтының екінші курсында оқыған, комсомолдардың қалалық комитетінің үндеуімен ерікті түрде радиотелеграфистер дайындау курсынан өтіп, 1941 жылы қараша-желтоқсан айларында Ташкент қаласында әскери дайындықтан өткен. 1-ші Украин майданының 40-шы Әскерінің штабы орналасқан Воронеж қаласында орналасқан. 45 байланысшы қыздың қатарында оны да радиобайланысшы ретінде 63-ші жеке полкының радиоротасына жібереді. Бұл бөлім онда Старый Оскол қаласына қарасты Ястребовка селосында болады. Алғашқы әскери шайқасы туралы майдангердің естеліктерінде келесідей берілген: «Соғыстың аты соғыс қой. Басында қорқынышты болатын. ...Соғыста сәт сайын, сағаты сайын ажал оғы төбеңнен ұшып жүрсе қалай қорықпайсың? Мен қызмет еткен полкте радиотелеграф байланысы барлық қызмет бөлімдерімен және бас штабпен байланыстырып тұратын. Бірінші рет Воронеж-Костор операциясына қатыстым. 1942 жылдың 25 қаңтарында Сталинград шайқасында Гитлер әскері жеңілді. Сол кезде майдан даласында болып жатқан жайттарды қалтқысыз хабарлап тұрғаным үшін Бас қолбасшы алғыс хатпен марапаттады. 1942 жылдың 25 желтоқсанында біздің бөлім Житомир бағытына бара жатқан неміс әскерін талқандады. Сонда екінші рет алғыс хат алдым. Соғыс алаңында радиобайланыс қызметі үлкен рөл атқарады. Майдан даласы жоғарыда айтқанымдай қауіпке толы. Бірде мен де немістердің шабуылынан кейін бомба жарылған бойда құлағымды жапқан күйі естен танып қалыппын. Ал қасымдағы қыздар ажал құшты. Есімиді жиғанда атымның кім екенін еске түсіре алмадым» [3, 2 б.]. Соғыс жағдайындағы от пен оқтың ортасындағы қиын кезең, әскери мамандығы бойынша сол қиындыққа қарамай байланыс ісін қалпына келтіру туралы келесі естелігінде айтады: «Полк командиріне қызмет ететін радиостианцияда қызмет еткен кезімде майданның алғы шебіндегі соғысушы бөлімдермен байланысты қамтамасыз ететін Быково селосындағы басқару пунктіне бардым. Біздің әскери бөлімдердің біріккен әскери қимылдары туралы циркулярлық радиограмма жіберу керек болды. Осы кезде әуеден неміс ұшақтарының бомбалауы басталып, бізге қарай көп көлемде танкілер келе жатқанын хабарлады. Біз осындай қысыммен байланысты қалпына келтіріп, жау танкілері селоның шетіне кірген кезде аз шығынмен осы елді мекенді тастап шықтық» [3, 3 б.]. Майдангердің естеліктері сол соғыстың тірі куәсі ретінде қанды шайқастың шынайы келбетін көрсетуде, ондағы қиындықтармен бетпе-бет кездескен әйел жауынгердің бейнесін, оның күнделікті өмірінің образын жасақтауда тарихи дерек ретінде өте құнды. Майдандағы ерліктері үшін А.Ф. Шаля «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Отан соғысының екінші деңгейлі» орденімен марапатталған [4, 5 б.]. Соғыстан кейін майдангер Шымкент қаласында еңбек еткен. Женщины Великой Отечественной войны.- М.: Вече, 2018.- 696 с. Газета Южный Казахстан. 10 мая 2018 г. - С. 1.

References

Женщины Великой Отечественной войны.- М.: Вече, 2018.- 696 с.

Газета Южный Казахстан. 10 мая 2018 г. - С. 1.

ТО ҚСТ ММ Қ.19. Тізім 11. Іс 21. 1-3 бб.

Шаля А.Ф. Я считаю себя счастливым человеком... //Деловой курьер. №15.-15 апреля 2009 г. - С. 5.

Published

2020-04-13

How to Cite

Карсыбаева, Ж., & Азхан, Н. (2020). Оңтүстік Қазақстан облысы Ұлы Отан соғысының ардагері - Анна Федоровна Шаля. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 15(671). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1158