КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Authors

  • ТЕ Жандильдин Республика Казахстан

Abstract

Қазіргі әлем ғылым мен техниканың қарқынды дамуымен сипатталады. Бұл техниканың жаңа түрлерін жасауға және олармен қызметтің әртүрлі салаларын жабдықтауға үлкен әсер етеді. Әрине, кеден ісі де осылардың қатарына жатады. Кедендік бақылау объектілерін қашықтықтан тексеру үшін рентген аппараттарының әр түрлерін жасау кеден қызметін қажетті техникалық құралдармен жабдықтаудағы едәуір қадам болып табылады. Бірақ, атап айту керек, Қазақстан Республикасы кеден органдарының қажетті құралдармен жабдықталу деңгейі қазіргі қойылатын талаптарға әлі де толық сай емес. Кедендік бақылау техникалық құралдары Қазақстанда жасалмайды.. Кеден органдарында қолданылатын техникалық құралдар негізінен Ресейде жасалған. Олардың көпшілігі бірсыпыра тактика-техникалық сипаттары жағынан шетелдік үлгілерден төмен. Сондықтан Қазақстан Республикасы кеден органдары қызметінің тиімділігін арттыру, оның ішінде кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру, белгілі дәрежеде Батыс елдерде шығарылатын қазіргі кедендік бақылау техникалық құралдарын сатып алу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.. Қазіргі кезде кедендік бақылауда көбінесе ішінара іздеу сипаты басым. Сонымен, кейбір тексерілмеген объектілерде Қазақстанға әкелуге немесе одан әкетуге тиым салынған тауарлар болуы мүмкін.. Сондықтан кеден органдарын жоғары өнімді кедендік бақылау техникалық құралдарымен жабдықтау мұндай жағдайларды бірсыпыра азайтуға мүмкіндік береді. Әртүрлі елдерде инспекциялық аспаптардың көп мақсатты жүйесін жасау жөнінде тәжірибелік-конструкторлық зерттеулер жүргізілуде. Мұндай жүйелер контрабанда объектілерін іздеу және табу техникалық құралдарын және кедендік бақылау объектілерінің ішіндегілеріне жедел диагностика жүргізу үшін қажетті аспаптарды қамтуы керек.. «Инспекция» ұғымын қолдану кеден органдарының жедел құрамының технологиялық әрекеттер кешенін орындауға байланысты. Ол негізінен қашықтықтан тексеру, кедендік бақылау объектілерінің ішіндегілеріне тән қасиеттерін және диагностикалық белгілерін анықтауды қарастырады. Мұндай тексеріс қашықтықтан, объектінің ішіндегі заттармен тікелей түйіспей, олардың арналуын және сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының (СЭҚ ТН) нақты бір кодына жататындығын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен, кедендік бақылау объектілері салымдарының әртүрлі контрабандалық немесе кедендік ережелерді бұзушылық заттарына жату мүмкіндігіне ерекше көңіл бөлінеді. Бұл технологиялық іс-әрекет кедендік бақылаудың мынандай іздеу-диагностикалық техникалық құралдарының қолданылуын қарастырады:

References

1

Published

2017-11-11

How to Cite

Жандильдин, Т. (2017). КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 36(548). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/12107