Ұлттық музыка мұралары арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беру мүмкіндіктері

Authors

  • ГБ Камза Республика Казахстан

Abstract

Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі қоғам дамуындағы жалпы адамзат құндылықтарына деген, адамның өзіндік дара қызметіне деген үндеуді сипаттайтын бүгінгі жағдайды айқындау болып табылады. Тұлғаның адами тұрғыдағы қалыптасуында өнердің маңызы да ерекше, кіші сынып жасынан бастап баланың табиғи түрде әсемдікке әсерлене білуі, көркем дүниелерге тамсануы, сұлулықты сезіне білуі қалыптаса бастайды. Қай заманда, қай қоғамда болмасын, сол кезең, уақыт талабына сай адам сапасын, оның ойлау қабілеті мен мәдени деңгейін жоғары сатыға көтерудің бірден-бір жолы- адамның рухани байлығын арттыра түсу болып табылатыны белгілі жәйт. Осы орайда оқушыларды ізгілікке, парасаттылыққа және т.б. асыл қасиеттерге баулитын адамгершілік тәрбиенің маңызы ерекше зор. Адамгершілік тәрбие – тұлғаның адамгершілік сана-сезімін қалыптастырып, құндылық бағдарын айқындайтын тәрбие саласы. Адамгершілік тәрбиесі білім, білік, дағдыларды игерумен бірге, тұлғаның ар-ұжданын, танымдық қызығушылығын кешенді түрде дамытады. Адамды сүюді, оның бостандығын, құқығын, қадыр-қасиетін құрметтеуді, рақымшылық пен шыншылдық қасиеттерін қалыптастырады. Оқушыға адамгершілік тәрбие беру арқылы адамгершілік сезім, адамгершілік сана, адамгершілік таным, т.б. қалыптастырамыз. Еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселенің бірі-өркениетті, адамгершілік сезімі дамыған, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, іргелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.

References

Абдуллин Э.Б., Б.М. Целковников. Философия, социология, психология искусства и музыкальная педагогика: Хрестоматия // Вып.1- с. 1.ч – М., 1991. – Б.

Керімбаева М.С. «Ұлттық мәдениетті қалыптастырудағы мектептің қызметі». Астана, 2008 ж.

Published

2017-06-16

How to Cite

Камза, Г. (2017). Ұлттық музыка мұралары арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беру мүмкіндіктері. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 12(524). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/13204