ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ ҚЫЗМЕТІНЕ ДАРЫНДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ КӨЗҚАРАСЫ

Authors

  • НА Фатикова Республика Казахстан

Abstract

Аңдатпа. Мақалада қазіргі кездегі педагог-психолог қызметінің рөлі ашылған. Кілтті сөздер: Педагог-психолог, тәрбие саласы, білім саласы. Елдік пен еркіндікке қол жеткен қазақ елі бүгін де қоғам іргесін бекемдеп, саяси-экономикалық, әлеуметтік жағынан өркениетті елдер қатарынан орын алуда. Осындай еліміздің ары қарай алға қарай дамуына өзіндік үлес қоса білетін азаматты тәрбиелеп шығару үшін, алдымен біз мектеп қабырғасындағы тәрбиеге аса мән беруіміз қажет. Тәрбие беру сынып жетекшілерінің немесе пән мұғалімдерінің міндеттері ғана емес, сонымен қатар қазіргі кезде мектептерде педагог-психолог мамандарының құзырында. Білім беру мекемелерінде педагогика және психология мамандарының қандай қызмет атқаратындығына тоқталмай тұрып, осы сала бойынша қандай ғалымдар қарастырғандығына тоқтала кететін болсақ, әлемдегі екінші ұстаз Әбу Насыр Әл-Фараби білімнің мазмұнын – мағынасын анықтау және оған жіктеу жасау жөніндегі Фараби ілімі орта ғасырдағы ғылыми ой – пікірдің ең маңызды жетістіктерінің бірі болды [1]. Сөйтіп ол білім салаларының дамуында және оларды жүйелеуде елеулі рөл атқарады. Әл-Фараби тәрбиенің барлық мәселелерін логикамен, тәрбие мұратымен, білім алумен, үйренумен, үлгілі тәжірибемен және оқумен байланыстыра уағыздағанын білеміз.Ол өзі жазған «Ақыл мен түсінік» атты еңбегінде адалдық пен адамгершілік үлгілі тәрбиеге байланысты, оның негізі таза еңбекте, еңбек өз кезегінде – тәрбиенің негізінен туындайды деген еді. Ал «Бақытқа жету» тағы басқа шығармаларында ғылымды меңгеруді бұл дүниедегі бақыт, кемел табудың қажетті шарты деп санайды. Ол өз заманындағы ғылымдардың барлық салаларынан адамгершілік, ақыл – ой, еңбек тәрбиелерін адамды ақылдылыққа үйретіп, еңбекке үйретіп баулудың, күнделікті еңбек етуге үйретеді.

References

1. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1973. -448б.

2. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009

3. Тілеуқабылұлы Ө. Шипагерлік баян. Алматы:Жалын,1996.- 54 б

4. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. Ауд. Ә. Ипмағамбетов - Алматы: Жазушы, 1980.- 416б.

5. Алтынсарин Ы. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Қазығұрт баспасы., Т1. 2003.- 240б.

6. Абай. Қалың елім қазағым.- Алматы: Жалын, 1995.- 384б.

7. Құдайбердіұлы Ш. Шығармалар жинағы. - Алматы: Жалын, 2008.

8. Жүсіпбек А. Психология. Алматы.: 1995 -310б.

9. Жұмабаев М. Педагогика. – А., 1992.- 155б

10. Тәжібаев Т.Т. Абай жастарды тәрбиелеу туралы. Алматы, 1964.

11. Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері. – Алматы: Оқу педагогикалық мем. баспа.1982.- 280 б.

Published

2020-03-07

How to Cite

Фатикова, Н. (2020). ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ ҚЫЗМЕТІНЕ ДАРЫНДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ КӨЗҚАРАСЫ. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 11(667). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1399