АРАЛ ӨҢІРІ «ҚЫЗЫЛҚҰМ» ЖАЙЫЛЫМ ӨНІМІНІҢ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ӨРКЕНДЕТУГЕ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ

Authors

  • АС Шукеев Республика Казахстан
  • БЖ Тилемисова Республика Казахстан
  • ЗА Алтынбай Республика Казахстан

Abstract

Сырдарияның батыс бөлігінде орналасқан Қызылқұм солтүстігінде жалғасып жатқан Қазақстандағы ең ірі құмдар қатарына жатады. Табиғи ерекшеліктері мен өсімдік түрлеріне байланысты үш негізгі бөліктен тұрады: Солтүстік Қызылқұм мен жуанқұм, орталық Қызылқұм және Оңтүстік Қызылқұм. Сырдарияның солтүстік бөлігіндегі ескі арнасының және шығыс бөлігіндегі құмдарында әр түрлі рельефтер және өсімдіктердің көптеген түрлері кездеседі. Бұлар негізінен биік жалдардан, жал мен ұя тәріздес және жаңа дарияның ескі кең арна тегістігінен тұзды және тұзданған бөліктерден құралады. Бұл Қызылқұмның төменгі бөлігі болып саналады. Өсімдік қабаттары сұр жусандықтар мен сексеуілдермен құмда өсетін бұталар мен шөптерден тұрады. Ескі арна бойларында жантақтар мен тоғайлар кездеседі. Солтүстік құмдармен оңтүстік құмдарды Қуаңдарияның ескі арнасы бөліп жатыр. Құмдарында баялыш, күйреуік, ебелек, изен, теріскендер өседі. Тақыр тектес жерлер мен тұзды жерлерінде бүйірқұм, жусандар өседі [1]. Солтүстік құмдарының биік жолдары мен ойыстары бұталармен бөлінген: олар құм акациясы, жүзген, баялыш пен сексеуілдер, жуанқұмда көпжылдық тұқымдас шөптер, еркек шөп т.б. көптеген шөптердің түрлері кездеседі. Олар табиғи жағдайлары мен рельефтеріне байланысты. Жайылымдық ретінде пайдаланылатын бұталар, сексеуілдің бүйірқұмдық, еркек шөптін және сұр жусандық жайылымдар, рет-ретімен ауыстырылып, малдарды жаюға бейімделген. Орталық және оңтүстік қызылқұм (4 млн га жуық) олар үзік-үзік бөліктерге бөлінген ұзыннан созылып жататын құм бархандары да кездеседі (үрме массиві Шиелі ауданы). Мұнда өте биік жолдар мен екінші қайтара көтерілімдегі жалдар немесе үлкен ұя тектес және терең дөңгелек ыдыс тәріздес құмдар түрлері де кездеседі. Бұндай құмдардың рельефтерінде ауа райының жағдайына байланысты, малдарды ауыстыра отырып жаю өзінің оң нәтижелерін береді. Құмның жоғарғы жақ бөлігінде сирек бұталар (жүзгін мен қоян сүйек); ақ сексеуілдер кездеседі. Құмның жағалауы мен төменгі жағында құмда өсетін өсімдіктермен сирек жусан түрлері кездеседі. Оңтүстік Қызылқұмда құмдағы өзгешеліктері айқын байқалады. Құмның ең биік жолдары (300-500м теңіз деңгейінен) мұндағы рельефтер салыстырмалы түрде тегіс болады. Биік жалдар кездесіп кей кезде құмдар үзік-үзік болып қайта жалғасып жатады (шығыс оңтүстік) бөлігін өсімдік қайта құмдарды жақсы тұтас ұстап тұрады, ірі жалдарында өсімдіктер өте сирек өскен. Оңтүстік бөлігінде ең көп өсетін ақ сексеуілмен жүзгіннің үш түрінің басылымдылығы байқалады. Олар шаруашылықта Қызылқұм жайлымдығы, орман шаруашылығы (сексеуілдіктер), орман қорларын құрайды. Шаруашылық жағдайында (суландыру), қыстауды дайындау, малдарды жаю, жайылымның (мал азықтың) сақтандыру қорын жасау. Жайлым жыл он екі ай бойы пайдаланылады; көктемгі-жазғы (эфирлі шөптер), күзгі (жусан-тұзды жердегі өсетін өсімдіктер) және қыста (басым көпшілігі бұталар мен жартылай бұталар). Бұталар Қызылқұмдағы мал азығының (80%) құрайды және малдардың өте жақсы жайлымы, қыстағы витамин қорларының көзі болып саналады. Арам шөптер мен жабайы жеміс қоры жайылымдықтың 10%-ын құрайды. Жайылымдықтардың кемшіліктері қатарына құрғақшылық, малды ұзақ уақыт бойы ауыстырмай жаю салдарынан, өсімдіктің сиреуі эрозияға ұшырауы, соның нәтижесінде өнімділіктің азаюы жатады. Қызылқұм жайылымының өндірістік өнімділігі 0,8 - 2,7 ц/га құрайды (1-кесте) [2,3].

References

1. Өтесінов Ж. Зоогигиена және санитарлық талаптар. Астана. Фолиант, 2012ж.

2. Нұрғазы Қ.Ш. Мал шаруашылығы. Алматы. Дәуір, 2012ж.

3. Статистикалық жинақ. Ауыл шаруашылығы. Қызылорда 2012ж.

Published

2020-03-07

How to Cite

Шукеев, А., Тилемисова, Б., & Алтынбай, З. (2020). АРАЛ ӨҢІРІ «ҚЫЗЫЛҚҰМ» ЖАЙЫЛЫМ ӨНІМІНІҢ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ӨРКЕНДЕТУГЕ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 11(667). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1402