Толық дамымаған дегредацияланған сұр құба топырақтардағы майбұршақ дақылының биологиялық өнімділігі

Authors

  • ЛС Мырзаева Республика Казахстан
  • ГД Анарбекова Республика Казахстан
  • АО Жанибекова Республика Казахстан

Abstract

Майбұршақ-ежелгі дақыл болып табылады. Ол едәуір көп тараған дәнді-бұршақты дақылдарға жатады. Оның отаны оңтүстік-батыс Азия. Ақуыз мөлшері басым (40-60%), майбұршақ тұқымында 13-27% астық және техникалық май болады. Майбұршақ GIycine тегінің Hispida түріне жатады. Биіктігі 80-100 см, тік бұталы біржылдық өсімдік. Сабағы жуан, бұталы, төбесі шиырлану мүмкін. Бұршақтары көп тұқымды, піскенде жарықшақтанады. Тұқымы домалақ, сопақ, әртүрлі түске боялған, көбіне сары, жасыл, қоңыр. 1000 дәннің салмағы- 60-400г, орташа 100-200 г. Майбұршақ жылу сүйгіш өсімдік, вегетациялық кезеңі -75-200 күн. Орта Азияда тек суармалы жерлерде өсіріледі. Суармалы жағдайда орташа пістін «Дикавик» сорты ұсынылады. Сәуір айы мен маусым айының басына себеді. Себу тәсілі – кең қатарлы, қатар аралағы 45-60 см, төртбұрышты-ұлы 60х60 см, ұяшықтарға 6-7 дәннен себеді. Төртбұрышты-ұялы себудегі орташа ірілігі орташа тұқымның мөлшері -30-40кг, ал кең қатарап себуде 60-80 кг/га. Тұқым тереңдігі 5-7 см. Көктемгі егістің күтімі қатар аралықтарды культиватормен (соқа) қатарларды жақындатып өңдеу, арамшөптерді жұлу және қатарлар мен ұяшықтардығы топырақтарды қопсыту, 40-60 кг/га азот, 40-60 кг/га фосфор және 35-60 кг/га калий тыңайтқыштарымен үстп қоректендіру және 6 вегетациялық суару шараларын жүргізу мен тұжырымдалады. Өсімдіктердің гүлденуі мен бұршақ пайда болу кезеңінде біршама суару жұмыстарын жүргізеді. Майбұршақтың пісіп жетілуі бұршақтарының қоңырлануымен, тұқымдарының қатаюымен және жапырақтарының түсуімен сипатталады. Майбұршақ толық піскен кезінде тікелей камбиймен жинайды. Тұқымды тазалаудан кейін 12-13% ылғалдылықта кептіріп, жабық қоймада сақтайды. Табиғи ареалы аса кең, алайда негізінен Американың, Азияның және Австралияның тропикалық аймақтарын қамтиды. БОР-дың территориясында тек бір ғана уссурий майбұршағы (майбұршақ уссурийская) деген түр өседі. Шаруашылықтағы маңызы жағынан ең қажетті түкті майбұршақ (майбұршақ шетенистая) деп алынатын түр. Ол биіктіге 30-50 (80) см болатын біржылдық шөптесін өсімдік, жапырағы үш құлақ, гүлдері жапырақтың қолтығынан шашақтанып шығып тұрады, бобтарының ішінде біреудің немесе аздан дөндері болады. Азияда кеңінен себілетіндеге сонша, оның егісітік көлемі млн.га асады. 1 т дәннен 112 кг май және 725 кг майдан тазартылған ұн алынады. Дәннінің құрамында 36% -ке дейін белок болады. Сабағы мен жапыраған жас балауса түрінде де, кептіріп те және сүр шөп түрінде де ауыл шаруашылық жануарларына қорек ретінде пайдаланады. Майбұршақтан әртүрлі тағамдар дайындайды: сүт, май, аран, қаймақ, сүзбе, нан, ал сусамыр ауруымен ауыратын кісілер түшін арнайы печенье, кофе, шоколад және т.б (100-ден астам тағамдардың түрлерін) жасайды. Сонымен бірге, майбұршақтан пластмасс, фанер жасауға қажетті клей және таңы басқа да заттарды жасауға керекті шикізат алыналы. Майбұршақтың тұқымы 35-40 % ақуыздан, 17-27 % майдан тұрады. Ақуыздардың құрамына майбұршақ дақылының тағамдық, техникалық, азықтық маңызын айнықтайтын барлық қажетті аминқышқылдары кіреді. Майбұршақ тұқымының өсіп-өнуі үшін қажетті температура шамасы 8 градус, дегенмен тіршілікке икемді өскіндер ауа температурасы 10-12 градус немесе жоғары болғанда пайда бола бастайды. Өңдеу шаралары. Майбұршақ алғы дақылдарға талап етеді, оны арамшөптерден тазартып таза тыңайтылған алғы дақылдардан кейін, әсіресе күздің дәнді дақылдар көпжылдық шөптерден кейін, сидератта екпе пар бойынша орналастарылады. Майбұршақ топырақты азотпен байыта отырып, арамшөптердің дамуына үстем ететін, дәнді дақылдар мен техникалық дақылдардың құнды алғы дақылы болып табылады.

References

1. Қ. Әріпов, А.Нағымтаев, М.Ысқақов, Н.Серікпаев, И. Жұмағұлов. Агрономия негіздері.-Астана.2007.

2. Жаңабаев Қ., Арыстанғұлов С.Агрономия негіздері, Астана, 2010.

3. Оразбаев С.А., Мендибаева Г.Ж Салакшинова Б.М.Урожайность, кормовое достоинство и биологизация повышения плодородия почвы бобовыми культурами в условиях юго-востока Казахстана // Известия Национальной академии наук РК 4 (28) –Алматы 2015. - С 58-63.

4. Коць С.Я. Влияние возрастающих доз азота на интенсивность азотфиксации, усвоение азота и продуктивность люцерны. Агрохимия. 1990.

5. Трепачев Е.П. Агрохимические аспекты биологического азота в современном земледелии. – М.: ВИУА, 1999. – 532с.

6. Бозиев А.Л. и др. Азот в питании сои при возделывании ее в предгорной зоне Кабардино-Балкарии // Агрохим. вестн. 2004. № 1. С.26-27.

Published

2020-03-07

How to Cite

Мырзаева, Л., Анарбекова, Г., & Жанибекова, А. (2020). Толық дамымаған дегредацияланған сұр құба топырақтардағы майбұршақ дақылының биологиялық өнімділігі. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 11(667). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1405