МЕКТЕПТЕГІ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫНА ПСИХОЛОГТЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ

Authors

  • ГК Шугаева Республика Казахстан
  • А Джапанова Республика Казахстан

Abstract

Бүгінгі таңдағы білім берудегі басты мақсат – қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, іздене отырып өздігінен білім алуға, өз ойын еркін айта білуге бейім, жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру болып табылады.  Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік.    Баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы мен ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан да   мектептегі оқыту мен тәрбие және психологиялық қолдау жұмыстары тұлғаға бағдарланған принципке негізделуі керек. Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы Жолдауында сапалы білім беру қызметін көрсетуге байланысты: «Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» делінген [1]. «Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет». Әр баланың бойында табиғат берер ерекше қабілеті, дарындылығы болады. Баланың бойындағы дарындылық қасиетін дамыту көбіне мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне байланысты екендігі ақиқат. Жаңа «субъект-субъект» оқыту парадигмасымен жұмыс жасау, әр баланың бойындағы дарындылық қасиеттерін анықтап, дамыту, мектепте өз дәрежесінде жүргізілуі керек. Дарындылық пен қабілеттіліктің не екенін, оқушы дарындылығын анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің тиімділігін, нәтижелілігін білетін мұғалім ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс істей алады. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты — олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету - оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;

References

1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2016 ж. 17 қаңтар.

2.Дружинин В.Н. Психология общих способностей. –СПб: Питер, 2000.

3.Матюшкин А.М. Проблемные ситуации в мышлении и обучении. –М., 1972.

4.Креативная педагогика: методология, теория, практика /Под ред. Ю.Г.Круглова. –М., МГОПУ им. М.А.Шолохова, изд. Центр «Альфа», 2002.

Published

2020-03-07

How to Cite

Шугаева, Г., & Джапанова, А. (2020). МЕКТЕПТЕГІ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫНА ПСИХОЛОГТЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 11(667). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1415