Бастауыш мектепте оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырудың кейбір жолдары

Authors

  • АК Нажипова Республика Казахстан
  • НС Асенова Республика Казахстан

Abstract

Мақалада бастауыш сыныптардағы оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін берудің кейбір жолдары талданады. Авторлар бастауыш сынып оқушылары үшін ақпараттық білім берудің басты мәселе екендігін ескерек отырып, бұл өз ретінде құзыреттіліктерді қалыптастыру арқылы өтетіндігін айтады. Бұл тұста бастауыш мектеп оқушылары білім алудың басты құзыреттіліктерін өз бойларына жинай отырып, ақпарттық сауаттылық пен әр пәнге қажет құзыретіліктерді дағдыға айналдырулары керек. Сондықтан да мақалада болашақ үшін білім берудің басты стратегиясы ретінде қарастырылады. Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық құзыреттілігі деп ауызша және жазбаша коммуникативтік ақпараттық технологиялардың көмегімен қажетті ақпаратты өз бетінше іздеу, талдау, іріктеу, өңдеу және беру қабілеті мен іскерлігі ретінде түсіндіріледі. Сондықтан да бұл білім берудің өзге құзыреттіліктерімен кешенді түрде бірге алынады. Тірек сөздер: құзыреттілік, ақпараттық, білім беру, бейімделу, іс-әрекет, оқу міндеттері, қалыптастыру, меңгеру, қолдану, үйрену Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінде жаңа білім беру парадигмасына көшуге байланысты өзгерістер болып жатыр. Бұл үдеріс жалпы бастауыш білім берудің мемлекеттік білім беру стандартына негізделген, әлеуметтік тапсырыстың көрінісі болып табылады, яғни, ақпараттық қоғам жағдайында табысты өмір сүру және еңбек ету үшін бала қоршаған ортаға бейімделуі қажет. Бұл ретте құзыреттеліктердің орны өзгеше. Мектептің негізгі міндеті – «болашақ үшін білім беру» стратегиясын құру. Жаңа стратегияның мәні: жинақталған көлемді ақпаратты меңгеруден бас тартып, жаңа білімді үздіксіз игеру және дербес оқу дағдыларды қалыптастыру [1,1].

References

1

Published

2020-03-07

How to Cite

Нажипова, А., & Асенова, Н. (2020). Бастауыш мектепте оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырудың кейбір жолдары. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 11(667). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1416