АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Authors

  • НЕ Жақсылықова Республика Казахстан
  • АН Оразбаева Республика Казахстан
  • НМ Ильясова Республика Казахстан

Abstract

Ақпараттық - коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде оқытушының рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды. Оқытушы тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі - «интерактивті оқыту әдісі». Негізгі қағидасы-педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Интерактивті әдістерге мыналар жатады: проблемалық шығармашылық әдістер; презентациялар пікірталастар; топпен жұмыс; ми шабуылы әдісі; сын тұрғысынан ойлау әдісі; викториналар; зерттеулер; іскерлік ойындар; рөлдік ойындар;инсерт әдісі т.б. Білім берудегі интерактивті технология (интерактив сөзі-inter (бірлесу) act (әрекет) сабақ барысында оқушылардың сабаққа қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана отырып, өткізген Сабақтар оқытушының оқу процесінде уақытын үнемдей отырып, оқушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі. Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таңғалдырады, шабыттандырады, қызықтырады. Оқушылар ойнап отырмыз деп ойлайды, шындығында олар қызығып, таңғалып, шабыттанып отырып білім алады деп ойлаймыз. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі - білім беру ұйымдарына электрондық оқыту (е-learning) енгізу. Мемлекеттік бағдарламада: «Оқушы автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Оқытушы күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметі (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептілік және т.б. жіберу) толтыратын болады. Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагогтің қызметін, есептілікті директордың орынбасары жүзеге асырады. Жүйе әкімшісі оқшау және ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесін немесе дауыс поштасы жүйесін қоса алғанда, көп қолданыстағы компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты болады» - деп көрсетілген. E-learning термині білім беру үрдісінің электронды формасын Интернет немесе Интернеттің көмегімен оқытуды басқару жүйесі дегенді білдіреді. Е-learning ұғымы (ағылшын тілінен қысқартылған Electronic Learning) - электрондық оқыту жүйесі, электрондық оқыту, қашықтықтан оқыту, компьютердің көмегімен оқыту, желілік оқу,виртуальды оқыту, ақпараттық, электрондық технологиялардың көмегімен оқыту терминінің синонимі. ЮНЕСКО мамандарының берген анықтамасын бойынша: «e-Learning - Интернет және мультимедиа көмегімен оқыту». Электрондық оқыту «ашық бiлiм беру», «қашықтықтан бiлiм беру» сияқты ұғымдарды қосады, яғни ЭО = компьютерлік оқу желілік оқу он-лайн оқу Интернеттен оқу қашықтықтан оқыту.Е-learning жүйесінің басты бөлімінің бірі LMS (Learning Management System) немесе қашықтықтан оқыту жүйесі (ҚОЖ) болып есептеледi. Бұл жүйе оқытудың барлық үрдістері жүргізілетін және ұйымдастырылатын платформаны ұсынады. ҚОЖ осы немесе басқа да желiде жұмыс iстеуге қолайлы көптеген аспаптардың жиынынан тұрады: форумдар, чаттар, тестлеу жүйесі, файлдар айырбасының жүйесi, электрондық тiзiм, виртуалды класс бөлмелерi, блогтар, виртуалды зертханалар және тағы басқалар. Оқытудың электрондық формасын енгiзуді жоспарлаған жағдайда, онда алғашқы кезеңдердiң бiрi қашықтықтан оқыту жүйесін таңдап алу болып табылады. Сонымен қатар барлық білім беру ұйымның қызметкерлерi үшiн бiлiмдердiң бiртұтас стандартын қамтамасыз етеді және мынадай мүмкіндік береді: педагог ұжымына - тақырыптық жоспарлауды, электрондық сынып журналдарын және күнделiктер жүргізу, білім беру үрдісінде сандық бiлiм беру контентін қолдануға мүмкiндiк бередi; оқушыларға әр түрлi пәндер бойынша өз үлгерiм рейтингiсінiң өзгерiстерiн қадағалайды, сабақ кестесiндегi өзгерiстерді, үйге берген тапсырманы уақытында біледі; ата -аналарға өз баласының бағаларын, сабақ кестесiн, үйге берген тапсырмаларын, сабаққа қатысу және дайындық сапасын бақылайды, баласының мектептегі оқу үлгерімін және оның қоғамдық қызметiндегi табыстары жайлы біліп отырады; «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында интерактивті технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері қазақ тілі, әдебиет және математика сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз - білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады. Енді, осы ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы жұмыс түрлеріне тоқталып өтуді жөн көрдім. Ақпараттық технологиялардың бірі - интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Өзіміз қызмет жасайтын оқу орнында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Колледж кабинеттерінде интерактивті тақта орнатылған. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймыз. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі - бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін оқытушы өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет. Компьютер жұмысының тиімділігін құрайтын бір бөлік ол - Ғаламтор желісінің қызметін пайдалану. Ғаламтор желісінде көп оқытушыға да, оқушыға да қажет көптеген сайттар бар. Қашықтықтан ұйымдастырылған әр түрлі байқаулар мен олимпиадаларға қатысу балалардың дүниетанымын кеңейтіп, оқуға деген қызығушылығын арттыра түседі. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, дидактикалық тұрғыдан негізделген оқыту және оқушының оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыру жұмыстарында ақпараттық технологияны қолдану моделі жасалды. Қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейін қарқындату, яғни, оқу үрдісінің сапасы мен тиімділігін, танымдық іс-әрекет белсенділігін көрсету, пәнаралық байланыстарды тереңдету, қажет ақпаратты іздеу тиімділігі мен көлемін кеңейту. Білім беру мекемелерін ақпараттандыруға мемлекет тарапынан қашанда үлкен экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғарғы психологиясын меңгерген дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдынғы қатарлы мемлекетке айналары даусыз. Өйткені, «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор.

References

2. С.Т.Мұхаметжанова, Ж.Ә.Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс

3. А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, № 2, 2000 ж

4. Орта мектеп жаршысы. Республикалық оқу-әдістеме журналы, № 2, 3, 2011ж.

5. Оқыту-тәрбиелеу технологиясы Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, № 3, 2010 ж.

Published

2020-03-07

How to Cite

Жақсылықова, Н., Оразбаева, А., & Ильясова, Н. (2020). АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 11(667). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1420