ПОШТА ҚЫЗМЕТІН ҰСЫНУДЫҢ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУ

Authors

  • КА Утегенова Республика Казахстан
  • ЖГ Ерматов Республика Казахстан

Abstract

Бүгiнде пошта-жинақ жүйесiнің көрсету сапасын арттыру, қалада және ауылды жерлерде инфрақұрылымды дамыту, көрсетiлетiн қызметтiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыру, еңбек өнiмдiлiгiн өсiру, сауда-саттық көлемiн, соған сәйкес, табыс көлемiн ұлғайту негiзгi мақсаттардың бiрi болып саналады. Аталған шараларды жүзеге асыру арқылы пошта-жинақ жүйесiн бұдан әрi өзiн-өзi қаржыландыру жағдайында тұрақты және тиiмдi дамытудың негiзiн қалауға мүмкiндiк бередi. Байланыс кәсіпорындарының қызметінен түсетін табыстарға осы көрсетілген қызметтер төлемі мерзіміне қарамастан есепті кезеңде көрсетілген байланыс қызметтері үшін халықтан, кәсіпорындардан және ұйымдардан түскен қаражаттар жатады. Пошталық қызметтің негізгі түрлері: жазбаша хат-хабарларды, бандерольдер мен сәлемдемелерді тасымалдау және жеткізу; ірігабаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау және жеткізу; шабармандық почта қызметтері (EMS-жөнелтімдер); арнайы байланыс қызметтері; гибридті электрондық пошта (пошталық телеграмма); директ-мейл; жазбаша хат-хабарларды, бандерольдер мен сәлемдемелер. Қазақстан Республикасы почталық индустрияны дамыту жөнінде Дүниежүзілік почта одағының ұсыныстарын ұстанып, почта-жинақ моделін негізге қабылдаған, бұрынғы кеңестік елдер арасында бірінші ел болды. Почта қызметінің ауқымды әртараптандырылуы почталық қызметпен қатар қаржылық қызмет көрсету арқылы оны коммерциялауды көздейді. Қызмет түрлерін көбейтіп дамыту арқылы келесі нәтижелерге қол жеткізілді: соңғы жеті жылда Қазақстан Республикасында жазбаша хат-хабарлар көлемі 3 есе, сәлемдемелер – 75%, мерзімдік баспасөз басылымдары – 2 есе, зейнетақы және жәрдемақы – 5,2 есе, қабылданған коммуналдық төлемдер мен салықтар қабылдау – 47 есе, депозиттер – 50 есе, ақша аударымдары – 3 есе өсті [1]. Бүгінгі күні қала-аудан деңгейінде почталық жөнелтімдерді тасымалдаудың орташа жиілігі аптасына 5,4 ретті, аудан-ауыл – 3,4 ретті құрайды, жеткізу мерзімі барлық бағыттар бойынша 1 күнге қысқарды және таяу жылдары әр елді мекенге хат-хабарлардың күнделікті жеткізілуіне қол жеткізуге ниетті.

References

1 Ғаламтор ресурсы: www.kazpost сайтының мәліметтері

2 Гербеков Н.Б. Сущность и классификация почтовых услуг //МИТС-НАУКА: международный научный вестник: сетевое электронное научное издание. 2008. №1 (0,9 п.л.).- www.roseis.ru

Published

2020-03-07

How to Cite

Утегенова, К., & Ерматов, Ж. (2020). ПОШТА ҚЫЗМЕТІН ҰСЫНУДЫҢ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУ. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 11(667). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1425