Компанияның тұрақты дамуын бағалайтын көрсеткіштер жүйесі

Authors

  • МА Елпанова Республика Казахстан
  • БА Басықараева Республика Казахстан

Abstract

Қазақстандық экономикада көптеген компаниялар үшін негізгі мақсат болып, тек тіршілік ету табылады, ал оны тұрақты дамыту үшін осындай тетік қажет. Бұл бағыттағы алғашқы қадамдар жасалды. Әртараптандыру және қайта құрылымдау үдерістерді қарқынды жүруде, компаниялар-одақтар, ассоциация формасындағы, басқа да бірлестіктерді құруға күш жігерін біріктіре отырып, холдингтер, концерндер, қаржылық-өнеркәсіптік топтары түріндегі өз бетінше әртүрлі корпоративтік құрылымдарды құра отырып, өзінің қоршаған ортасын құруға тырысуда. Нарықтық дамыған экономикасы бар елдерде, шаруашылық субьектілерінің түрленуіне байланысты, тұрақты даму ұғымы жаңа мәнге ие болды. Барлық компанияларды шартты түрде 3 топқа бөлуге болады: тұрақты, орташа тұрақты және тұрақсыз. Тұрақтылық шегі негізгі критериймен анықталады. Тұрақтылық саласы егер оны координаттардың декарттық жүйесінде шартты көрсететін болсақ, шектің оң жағында болады және негізгі критерийді нақты деңгейі нормативтік деңгейден жоғары болатын барлық компанияларды қамтиды. Тұрақсыздық саласы координаттардың осы жүйесіне сәйкес тұрақтылық шегінің сол жағына орналасады және оған нормативтік деңгейден төмен критерийлер компаниялар қамтылады. Жекелеген топқа нормативтік деңгейден аз ғана асыңқы критерийлер компанияларды жатқызуға болады және оны орташа тұрақты компания деп атайды. Ол тұрақсыздық аймағынан тұрақтылық аймағына өтуді сипаттайды және көрсетеді. Кейбір еңбектерде [1-3], компания егер ол нарықтық реттеуіш құралдарға тез және баламалы әрекет ететін болса және өз күшіне сене алатын болса тұрақты жұмыс істей алады деп санайды. Компания жаңа шаруашылық байланыстарды үнемі іздестіріп отыруы керек. Компания сыртқы нарыққа қызметінің географиясын кеңейту арқылы шыға алады. Нарықта компанияның қаржылық жағдайын қамтамасыз етудің негізгі ерекшеліктерін анықтау мәселесін, теориялық тұрғыда ары қарай зерттеуді талап етеді. Оның ішінде қаржылық жағдайдың жекелеген түрлері бойынша көрсеткіштерді анықтаумен қарастырылатын және ары қарай өндірістік-шаруашылық жүйенің осындай жағдайын үлгілеуді басқару негізіне алынатын қаржылық-экономикалық тұрақтылықтың түрлерін бөліп көрсету қажет. Компанияның даму мониторингі арқылы басқарушылық үлгілерін жасау, нақты бағалауға ғана мүмкіндік беріп қоймай, сонымен қатар жағдайда болжауға, яғни даму тұрақтылығына өту шарты ретінде қаржылық жағдайды қамтамасыз ету бойынша шараларды әзірлеуге, өтуге мүмкіндік береді.

References

1

Published

2020-03-07

How to Cite

Елпанова, М., & Басықараева, Б. (2020). Компанияның тұрақты дамуын бағалайтын көрсеткіштер жүйесі. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 11(667). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1436