БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Authors

  • ГТ Садуакас Республика Казахстан

Abstract

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауына сәйкес, қазіргі білім берудің мақсаты әлемдік талаптарға сай мобильді, жаңаны қабылдауға бейім, креативті, сыни ойлай алатын, поликоммуникативті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажеттігі туындауда. Жаһандық бәсекеге қабілеттілікке жету мақсатында билікпен белгіленген стратегиялық мақсаттар, білім беру іс-әрекетінің приоритеттерін түбегейлі өзгерту және өз бетімен іздену дағдыларын дамыту ағымына бағыттауды ұйғарады [1]. Бүгінгі күнгі біздің ұрпақ таңдауына шексіз мүмкіндік туған заманда өмірсүріп жатыр. Мектептегі білім беру міндеттерінің незгілерінің бірі – оқушыны шынайы әлем жағдайындағы өмірге дайындау. Қазіргі мектепті философтар адамзаттың өзіне-өзі қойған қақпаны деп айтып жүр. Мектеп бітірушінің үш пайызы ғана жоғары деңгейдегі шығармашылық білім өнімін құруға қабілетті болса, бастауыш мектеп оқушысының жағдайы қандай екені бәрімізге белгілі. Сондықтан бүгінгі күні еліміздін білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларғанегізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Ғалымдар зерттеушілік тәсілдің мектеп оқушылары үшін белгілі бір ғылым әдісіне бастайтын жол екенімен қатар, олардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыратын маңызды құрал, шығармашылық ойлауы мен танымдық дербестігін дамытатынын атап өтеді. Соған орай, өздігінен оқу әдістерінің қоршаған ортаны тануға, өзіндік ойлау машықтарына баулитын негізгі оқу әдістері ретінде терең зерделеу мен зерттеушілік тәсілдің мәнін тану және оның оқушы бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастырудағы мүмкіндіктерін жан-жақты қарастыру қажеттігін айтады. Әдебиетте қазіргі дидактикаға И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин енгізген «зерттеушілік әдіс» термині көп қолданылғаны белгілі. [2,3]. Зерттеушілік әдіс мазмұны қазіргі түсіндірулерде өткендегі мазмұн-мәнінен өзгешеленетіндігі шындық. Белсенділік пен дербестікті дамытуда зерттеушілік тәсіл, қазіргі түсінік бойынша, оқушыларды толық, түйсіне қабылданған, жедел және қажетті жағдайда бетбұрыс жасауға бейім біліммен қамтамасыз етуді мақсат тұтады. Ол ғылыми танымдық әдістерді меңгерудің білімді іздеу мен шығармашылық әрекетті қалыптастыруға қызмет етуін қамтуына ықпал етеді. Оқу мен ғылыми таным арақатынасы туралы айта келіп, оның жалпы белгілері мен ерекшеліктеріне тоқталмау мүмкін емес. Дидактика оқытуды танымның бір түрі ретінде көрсете отырып, «ғылыми танымның жалпы заңдылықтары бұл үдеріске қолдануға келетінін» атап көрсетеді. П.В. Копнина өзінің зерттеу еңбегінде оқу мен ғылыми таным үдерісі қатынасы жөнінде қарастырған: «...оқушы мен ғалым ойлауында нық орын алған, танымал гнесеологиялық және психологиялық категорияларға салынған жалпы ұқсастық бар. Бірақ, ғалым жететін нәтижелі шығармашылық үдерісте оқушының ойлау жүйесінен ерекшелейтін бір жайттар бары анық» деген тұжырымдары шындық екені сөзсіз[4].

References

1. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасы 2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: Ақорда, 2012. –.www.edu.gov

2.Лернер И.Я. Лернер И.Я. Проблемное обучение.– М.: Знание, 1974.

3.Скаткин М.Н. Методология и методика педагогических исследований. -М:Педагогика, 1986.

4. Копнина П.В. Педагогическое общение как предмет теоретического исследования // Вопросы психологии. –М: 1985.-286 с.

5. Сартаева Н.Т. Зерттеушілік іс-әрекетке баулудағы «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің рөлі. БҚМУ Хабаршысы, №4 (72)-2018.

6. Жексенбаева Ү.Е. Мен зерттеуге үйренемін.Оқу құралы.-12 жылдық білім беру проблемелары РҒПО, 2006. 32 б.

Published

2020-03-07

How to Cite

Садуакас, Г. (2020). БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 11(667). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1439