Болашақ биолог-мұғалімдерінің өз бетінше білім алу қабілеттерін интербелсенді оқыту технологиясы арқылы дамыту ерешеліктері
Abstract
ӘОЖ 159.93: 373 «Болашақ биолог-мұғалімдерінің өз бетінше білім алу қабілеттерін интербелсенді оқыту технологиясы арқылы дамыту ерешеліктері» Баймаханова Алтынай, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің « Биология» мамандығы магистранты Еліміздегі әлеуметтік және экономикалық өзгерістер, отандық жоғары білім беру жүйесіндегі реформалар, сонымен бірге жалпы білім беру жүйесін жетілдіру білім беру жүйесіндегі мұғалімнің рөлін қайта қарауды және жоғары мектеп дамуының қазіргі заманғы кезеңінде педагогтарды даярлаудың жаңа тәсілдерін дамытуды қажет етеді. Білім беру мазмұнының жаңаруы, жеке тұлға, қоғам мен мемлекеттің қажеттілігінің өзгеруі педагогикалық білім беру жүйесіне, бүкіл өмір бойы білімін жетілдіруге дайын, әдіснама мен әдістеменің қажетті деңгейін меңгерген, инновациялық кәсіби қызметке қабілетті жаңа буын мұғалімдерді даярлаудан тұратын әлеуметтік талаптар қоюда[1]. Студенттердің өзбетінше білім алуының мәні, өзбетінше жұмысты жіктеу, өзбетінше жұмысын ұйымдастыру Е.Л. Белкин, В.П. Беспалько, М.Г. Гарунов, Б.П. Есипов, И .Я. Лернер, П.И. Пидкасистый, В.П. Стрезикозин және басқа ғалымдардың еңбегінде жан-жақты қарастырылған[2].References
1
Downloads
Published
2017-04-01
How to Cite
Баймаханова, А. (2017). Болашақ биолог-мұғалімдерінің өз бетінше білім алу қабілеттерін интербелсенді оқыту технологиясы арқылы дамыту ерешеліктері. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 1(513). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/14609
Issue
Section
Articles