БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Authors

  • ГТ Садуакас Республика Казахстан

Abstract

Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасының он екі бағытының бірі ретінде білім алушылардың интеллектуалды мәдениетін дамыту қажеттілігі көрсетіліп, олардың «белсенді ойлау қызметінің дамуын, негізгі құндылықтарды және осы заманғы ғылыми дүниетанымды қалыптастыру, олардың сана-сезімінің сенімді және қажетті біліммен толығуын, ақыл-ой қабілеті мен білімге құмарлығын, танымдық қызығушылығын дамыту» - деп қарастырылған [1]. Мұндай күрделі мақсаттар мен міндеттер үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы бастауыш мектепте қаланады. Ұлттың болашағы тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі ұрпағының рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыдан келіп, егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде. Ендеше, бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын кеңейтуде, танымдық іс-әрекетін арттырып, білім, біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор деген сөз. Таным – объективтік шындықты адамның ойына бейнелейтін және қайта жаңғыртатын, қоғамдық іс-әрекет барысы. Ол заттардың мәніне дәлірек жетудегі күрделі және қарама-қайшылық ретінде қаралады. Ақиқатқа жетудің, объективті шындықты танудың диалектикалық жолы: «Нақты пайымдаудан абстрактілі ойлауға, одан тәжірибеге көшу болып табылады». Таным барысында ойлаудың түрлі тәсілдері пайдаланылады (анализ, синтез, дедукция, индукция абстрактіліктен нақтылыққа көтерілуі және т.б) [2]. Танымдық әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық қызығушылық қалыптасады.

References

1.Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбиетұжырымдамасы. – Астана. – Егемен Қазақстан, 2009. 16 қараша.

2. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. – Алматы: Рауан, 1999. – 272 б.

3.Құнанбаев А. Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. (Алматы, 1986. –2 том. –196 б.

4.Сейталиев Қ. Жалпы психология: Оқу құралы. – Алматы: «Білім», 2007.-360 б.

5.Кузнецова С.Н, Сапақов Д.Н, Васаева И.Н. т.б Жаратылыстану: Жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына арналған оқулық. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016 -96 б,. суретті.

6.Андриянова А.Т., Беркало В.Н., Жакупова Н.Ш., Полежаева А.В. Жаратылыстану: Жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбына арналған оқулық. - Астана: “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ, 2017.-96 6., суретті.

Published

2020-03-07

How to Cite

Садуакас, Г. (2020). БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 11(667). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1461