ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ АУА БАССЕЙІНІҢ ЛАСТАНУЫ

Authors

  • ЕК Кейкин Республика Казахстан
  • РТ Мусина Республика Казахстан
  • АК Ауельбекова Республика Казахстан
  • ДК Кыздарова Республика Казахстан
  • МА Норцева Республика Казахстан

Abstract

Мақалада Теміртау қаласының ауа бассейінің ластануы көрсетілген. Ластаушы заттардың басым бөлігі қандай ластаушы заттар екендігі анықталып, айтылып өткен. Сонымен қатар, Орталық Қазақстанда Теміртау қаласының ауа сапасының жағдайы алаңдатарлық екендігі, үнемі метеорологиялық-синоптикалық аспектілерге жататыны айтылған. Атмосфералық ауаға түсетін негізгі ластаушылар: антропогендік зат шаң, күкірт андригиді, күкіртсутек, көміртегі оксиді, азот оксиді, аммиак, фенол т.б. Қазақстанның көптеген қалаларында атмосфераға өнеркәсіптен, транспорттан, жылу электр станцияларынан, жылытатын жүйелерден түсетін қалдықтар есебінен ауа ластануының жоғары деңгейі қалыптасты. Атмосфераны ластаудан қорғау - қазіргі заманға маңызды проблемалардың біріне айналып отыр. Ауа бассейнінің тазалығын сақтау үшін қолайсыз жағдайларда ауадағы зиянды зат қоспаларының концентрациясын азайту басты міндет болып табылады. Ауа бассейнін ластанудан қорғау проблемасы маңызды және шешуші рөл метеорологиялық-синоптикалық аспектілерге жүктеледі. Яғни, ауа бассейінің ластануының күрделенуі немесе қала тұрғындарына қауіптіліктің жоғарғы нәтижесімен сипатталуы желдің бағытына, климаттық факторлардың жиынтығына байланысты. Атмосфераға түскен қалдықтар негізінен метеорологиялық факторлармен анықталады. Орталық Қазақстан Республикадағы жетекші индустриалды аймақтардың бірі болып саналады. Атмосфералық ауада ең көп таралған антропогендік зат шаң, күкірт андригиді, күкіртсутек, көміртегі оксиді, азот оксиді, аммиак, фенол т.б. Біз қарастырып отырған Теміртау қаласы еліміздегі ауа бассейіні ластанған қалалардың алғашқы тізімінен орын алады. Теміртау қаласы дамыған инфрақұрылымдарымен ірі индустриалдық орталық болып табылады, қалада 1201 кәсіпорын жұмыс істейді. Теміртау қаласының өнеркәсіптік өндірісінің құрылымы төмендегі салаларды ұсынады: металлургия өнеркәсібі мен металл өңдеу, химия өнеркәсібі, тамақ және ұн тарту өнеркәсібі, электрэнергетикасы, басқа да металл емес минаралды өнімдердің өндірісі. Бұл өндіріс орындары еліміздің экономикалық дамуы үшін маңызды, алайда ауа бассейінің таза болуы одан да маңызды екендігін ұмытпауымыз керек. Ауа ластануының жай күйі стационарлық бекеттерден алынған ауа анализі және бақылаулар нәтижесімен бағаланады.Жергілікті жерлердің ауа ластаушы заттары шектеулі рауалды концентрациясы негізгі сапа критерилері болып табылады. Атмосфералық ауаның сапасын бағалауда жиі атмосфераның кешенді ластану шамасы, яғни атмосфераның ластану индексі (АЛИ) пайдаланылады.

References

«Қазгидромет» РГП Қарағанды гидрометеорология орталығының мәліметтері.

Темиртау каласынын атмосфералык ауасын бакылау зертханасы.

Жақатаева Б.Т «Синоптические условия загрязнения атмосферы в Карагандинской области», Қарағанды университетінің хабаршысы Биология, медицина, география сериясы №1/2014

Published

2020-03-07

How to Cite

Кейкин, Е., Мусина, Р., Ауельбекова, А., Кыздарова, Д., & Норцева, М. (2020). ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ АУА БАССЕЙІНІҢ ЛАСТАНУЫ. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 11(667). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1462