Экономикалық жүйені дамытуда индустрияландырудың рөлі мен негізгі бағыттары

Authors

  • ГЕ Талапбаева Республика Казахстан
  • Н Манапова Республика Казахстан

Abstract

Нарықтық экономика заңдылықтары өнеркәсіптің бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етуде оның инновациялық сипатқа ие болу қағидасын сақтап отыруды талап етеді. Жалпы табыс көлеміндегі патенттер мен ноу-хау негізінде өндірілген өнім көлемінің үлес салмағы және есеп жылында алынған патенттердің саны инновациялық қағиданың орындалуын көрсетеді. Экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қауіпсіздік қағидасының орындалуы өнеркәсіп кәсіпорындарының ішкі және сыртқы нарық тұтынушыларының талабына сай жұмыс істеуіне, әртүрлі экономикалық, әлеуметтік және экологиялық теріс нәтижелердің болмауынан қорғануға мүмкіндік береді. Мұның өзі көптеген терең және жан-жақты зерттеуді қажет ететін экономикалық, әлеуметтік, экологиялық ұйымдастыру шараларын ұтымды жүргізуді талап етеді. Өнеркәсіпті қайта индустрияландырудың бастапқы кезінде алдын-ала анықталған мақсатты бағытына сәйкес оның көптеген нұсқалары есептеліп, ішінен ұтымды нұсқаны анықтау көптеген есеп-қисап жүргізуді, шетелдің озық тәжірибелерін пайдалануды, өнеркәсіп кәсіпорындарының бар мүмкіншілігі мен резервтерін ескеруді, тіпті кейде ішкі және сыртқы орталарды зерттеп, олардың теріс ықпалын болдырмауды талап етеді. Өнеркәсіпті модернизациялау шараларына: - өнеркәсіптің барлық өндірістік аппараттарын жетілдіру, яғни пайдаланатын құралдарды жаңарту, жаңа және өнімділігі жоғары техника мен жоғары технологияны енгізу, жаңа өнім түрлерін игеру, ішкі және сыртқы нарықтарға бәсекеге қабілеті жоғары өнімдерді шығару; - өнеркәсіпте құрылымдық жаңартуларды жүргізу, яғни жаңа индуст-риялық экономика сипатына сәйкес келетін құрылымды қалыптастыру;

References

1 Дәуренбекова Ә.Н. Өнеркәсіпті жаңаша индустрияландыру – экономикалық жүйені қайта құрудың негізі. // Қаз ҰУ Хабаршысы, Экономика сериясы. 2003, №5 (39). – 61-63 б.

2 Абдиев К.В., Алкиев К.Н. Формирование и развитие новых экономи-ческих районов в Казахстане. Материалы международной научно-практичес. конф. “Индустриально-инновационное развитие Республики Казахстан: опыт, задачи и перспективы. – Алматы: Министерство индустрии и торговли Республики Казахстан, 2004. – С.118.

Published

2017-04-01

How to Cite

Талапбаева, Г., & Манапова, Н. (2017). Экономикалық жүйені дамытуда индустрияландырудың рөлі мен негізгі бағыттары. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 1(513). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/14621