Жаңа Жібек жолы – Қазақстанның жаңа экономикалық белдеуі.

Authors

  • ЗК Мырзалиева Республика Казахстан
  • А Илимова Республика Казахстан
  • МА Аманбаева Республика Казахстан

Abstract

Мақалада ХХІ ғасырдағы Ұлы Жібек жолының жандануы, Жаңа ұлы Жібек жолының Қазақстан мен Орта Азия үшін берер игіліктері, республиканың транзиттік әлеуетін ашу, еліміздің экономикалық жедел дамуындағы Ұлы Жібек жолының жаңа бағыттарының функционльды ролі қарастырылған. Тарихи бағытты қайта жаңғырту туралы XX ғасырдың соңында ғана аса күрделі ауа райы жағдайында тиімділікті сақтай отырып, үлкен трансконтиненттік тасымалдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін технологиялар мен көлік пайда болғанда ғана айта бастады. Осылайша, 1990-жылдардың басында құрамдалған Трансеуразиялық магистраль құру жобасы белсенді талқылана бастады, ол жекелеген жерлерде ҚХР, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Иран, Түркия және Грузия аумағы арқылы өтіп, Ұлы Жібек жолының бағытын қайталады. Нәтижесінде 1993 жылдың 3 мамырында Брюссельдегі сауда және көлік министрлерінің конференциясында ТRАСЕСА - Transport Corridor Europe – Caucasus – Asia бағытын құру туралы декларацияға қол қойылды [1]. Орталық Азия өңірінде транзиттік дәліздерді дамытумен қатар Қытай елдің шығысындағы ірі порттарды батыс шекарасына өтумен байланыстыратын заманауи көлік желісін қалыптастыра бастайды. Сары теңіз жағалауындағы Ляньюньгань портынан бастап Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Қорғас» бақылау-өткізу бекетіне дейінгі Бірінші Трансқытайлық автомагистралі 2004 жылдың 8 тамызында ашылды. Ұзындығы 4393 шақырым болатын жол 1990 жылдан бастап салынды. Жолдың техникалық сипаттамасы сағатына 120 км орташа жылдамдықпен жүруге мүмкіндік береді, автобан ҚХР-ның шығыс шекарасынан бастап батыс шекарасына дейінгі жолды 15 тәуліктен 50 сағатқа дейін немесе 7,5 есеге қысқартты [2]. Жекелеген көлік дәліздерін құру Ұлы Жібек жолы бағытын жаңғырту ретінде 2012 жылы қалыптасты. Онда Шетел инвесторлары кеңесінің 25-ші отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа Жібек жолы» ауқымды жобасының бастау алғанын жариялаған болатын [2]. Жобаның бәсекеге қабілетті артықшылықтары ретінде Н.Назарбаев тиімді географиялық орналасуын, жүк ағымының үнемі артуын, Кедендік одақ елдерінің нарықтарына тікелей жету және елдегі жағымды инвестициялық ахуалды атап өтті. 

References

1

Published

2017-04-01

How to Cite

Мырзалиева, З., Илимова, А., & Аманбаева, М. (2017). Жаңа Жібек жолы – Қазақстанның жаңа экономикалық белдеуі. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 1(513). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/14645