ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ АДАМНЫҢ ТӘРБІЕ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ

Authors

  • НА Минжанов Республика Казахстан
  • ГН Ертысбаева Республика Казахстан
  • Г Абжанова Республика Казахстан

Abstract

Ғылым – адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымының ең жоғарғы пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның басты мақсаты – ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру. Қазіргі таңда тәрбиенің маңызы орасан зор. Тәрбие бесіктегі баладан, еңкейген қартқа дейін қажет. Өйткені, тәрбие болғанда ғана, адамдық қасиетің пайда болып, өмірдегі рөліңдң біле аласың. Қазақтың батыр тұлғаларының бірі Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпсіз ел болмайды.Тәртіпке бағынған құл болмайды» деп тәрбиенің маңызын ашып көрсеткен. Сонымен қатар, тәрбие педагогика ғылым салаларымен тығыз байланысты. Тәрбиеге қатысты өз ойын жүйелі жеткізген орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский тәрбиенің белгілі мақсатқа жүзеге асыруда педагогика ғылымының рөлін жоғары бағалады, ол бала туғанда белгілі бір оймен туады – оны тәрбие тек толықтырады және саналыққа баулиды деген сол кездегі теріс көзқарасқа соққы берді.

References

1. Ушинский К.Д. Собрание сочинений в 11 тт. Под ред. А. М. Егорина. М-Л., 1948-1952 гг

2. А.С.Макаренко. Педагогическая поэма. Педагогика, – М. 1981.

3. Зимняя А. Педагогикалық психология. А., 2005. С.123-128.

4.Столяренко Л.Д. Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону. С. 45-49.

5.Выготский Л.С. Баланың жас ерекшеліктері мен кемтар бала психологиясы туралы таңдамалы еңбектер. Алматы, 1999.С.145-149.

6.Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10-томдық. 1-том. Мәдени-тарихи тұжырымдама. Алматы, 2005,С.46-49.

Published

2020-03-07

How to Cite

Минжанов, Н., Ертысбаева, Г., & Абжанова, Г. (2020). ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ АДАМНЫҢ ТӘРБІЕ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 11(667). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1465