Үнді және қытай шешендігі

Authors

  • АА Кошекова Республика Казахстан
  • БА Пазилова Республика Казахстан

Abstract

Қазақ өркениеті жалпы адамзат өркениетінің бір бөлігі екені белгілі. Бұл тұрғыдан қазақтың шешендік өнерін де бүкіл әлемдік көркем сөз дүниесінің контекстінде қарастырған дұрыс. Қазақ шешендігінің түп-тамыры болған түркі көркем сөз дүниесіне ең алдымен қытай, үнді, иран, араб тәріздес көршілес халықтардың әсер еткені сөзсіз. Бай мұраға ие ежелгі Үнді шешендігінің классикалық грек-рим шешендерімен салыстырғандағы бір ерекшелігі мұнда есімі әлемге жайылып кекткен атақты шешендерді атау қиын. Себебі, үнді философиясы жеке авторлық мәселесіне мән бермеген, көне мәтіндер дербес авторлардың емес, белгілі бір философиялық-діни мектептердің, ағымдардың атынан жарияланған. Үндінің ең көне діни-философиялық мәтіндер жинағы Ведалар деп аталады. Олардың авторлары жоқ және «ғарыштық ақиқаттың дыбыстары» арқылы жазылып алынған құдайылық, қасиетті мәтіндер деп есептеледі. Ведалардың негізгі бөлігі самхиттер, яғни, мантаралардың жинағы, оларға брахмандар, араньяктар, мен упанишадтар қосылады. Көп ғасырлар бойы Ведалар өлең түрінде ауыздан-ауызға беріліп отырған, кейінірек жазып алынған. Ведаларды айтушы әншілер құдайларды мадақтап, олардың ерлігін дәріптеп, өз жағына тартқан, содан соң құдайлардан адамдарға қажетті игіліктерді беруін өтінген. Мысалы, Ригведаның Индра құдайына арналған мәтіннің кейбір шумақтарын алып қарасақ, Ведаларға тән ерекшеліктерді көреміз:

References

1

Published

2016-12-31

How to Cite

Кошекова, А., & Пазилова, Б. (2016). Үнді және қытай шешендігі. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 34(498). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/16419