ТРАНСПОРТТЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГІСІ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ӘДІСТЕРІ МЕН МОДЕЛЬДЕРІН ҚҰРУ

Authors

  • ЕК Қасымов Республика Казахстан
  • УА Төкеев Республика Казахстан

Abstract

Қалалық жолаушылар транспортының жүйесі мегаполис өмірін қамтамасыз етуде және транспорттардың қалыптасуы мен жұмыс істеуінде пайда болатын ауқымда сұрақтар шеңберін шешуде маңызды рөл ойнайды. Қалалардың жемісті өсімі мен дамуы қалалық жолаушылар траспортының аддекватты түрде дамитын инфраструктурасымен тығыз байланысты. Транспорттық инфраструктура ең алдымен, халықты бір жерден екінші жерге ыңғайлы түрде тасымалдап отыру қызметін дамыту керек, ал екіншіден осы арада пайда болатын мәселелердің пайда болуын қарастырып, олардың алдын алу керек. Қалалық жолаушылар транспорты өте маңызды әлеуметтік мәнге ие, не дегенімен оның қызмет етуі халықтың қажеттілігін өтеуге бағытталған. Орындалатын жолаушылар тасымалы әр түрлі болады, себебі халық өзінің қажеттілігі бойынша нақты бір тасымалдау транспортын таңдайды. Әлбетте, әр түрлі траспорттарының тасымалдау құны, сәйкесінше, әр түрлі болып келеді, ол транспорттың комфорттық деңгейімен, тасымалдау рейсімен, қозғалу жылдамдығымен тікелей байланысты. Қалалық жолаушылар траспорттарының жүйесін дамыту көптеген елдердегі жолдарда пайда болатын кептелістермен күресу тәсілдерінің бірі болып табылады. Біздің елдегі өсіп келе жатқан қалалар да осы аталған мәселемен соқтығысып жатыр. Көшелер мен көше қиылыстарында пайда болатын кептелістер жол жүруге кететін уақыттың өсуіне алып келеді, ал ол өз кезегінде қалалық жолаушылар траспорттының жүйе жұмысының экономикалық көрсеткіштеріне әсер етеді, сонымен қатар бұл аталған мәселенің психологиялық және экологиялық аспектілеріне де әсер етеді. Сенімді транспорттық желіні құру – траспорттық мүмкіндік деңгейінің артуына мүмкіндік береді, халықтың транспортпен жүруін жоғарылатады, жалпы қала ішіндегі қоғамдық транспорт жұмысының өзге де көрсеткіштердің жақсаруына алып келеді.

References

1 Bashir Shalaik M.Sc. Software for the Control and Analysis of Public Transport Systems. A thesis submitted for the qualification of doctor of philosophy in computer science. [2012. – 294 p];

2 МальчиковаА.Г. Организация логистических потоков в системе городских пассажирских перевозок:Автореф. канд. экон. наук. СПб.: Изд-во СПбГУЭФ, [2000. 18 с];

3 РахмангуловА.Н. Методы оптимизации транспортных процессов: учеб. пособие. Магнитогорск: МГТУ им. Г.И. Носова, [1999. 114 с];

Published

2016-12-31

How to Cite

Қасымов, Е., & Төкеев, У. (2016). ТРАНСПОРТТЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГІСІ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ӘДІСТЕРІ МЕН МОДЕЛЬДЕРІН ҚҰРУ. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 34(498). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/16555