Күздік бидай егісінде қолданылған гербицидтердің арамшөптерге әсері

Authors

  • НМ Жарылқасын Республика Казахстан
  • БР Сайкенов Республика Казахстан
  • А Серғазы Республика Казахстан

Abstract

Кіріспе. Гербицидтердің жерді өңдеудегі алатын орны ерекше. Олар кез-келген арамшөптердің тез және тиімді жоюға мүмкіндік береді. Алайда гербицидтерді сәтті пайдалану мүмкіндігі күрделі мәселе – агротехникалық іс-шаралар кешенімен сәйкес келуі, препараттардың нақты мөлшері, астық дақылдарының төзімділігін ескере отырып гербицидтерді таңдау, алқапты ластайтын арамшөптер түрлері және т.б. Бұл мәселенің барлығы нақты шешімді және әрі қарай зерттеуді талап етеді. Зерттеулерге сүйенсек, суарылған күздік бидай танаптарында арамшөп фитоценозы алуан түрлі болады, бірлік ауданға шаққанда олардың өсуі өте тығыз болады, арамшөптердің кейбір түрлерінің жақсы дамитыны байқалады. Гербицидсіз танаптарда арамшөптердің саны мен сапасы вегетация кезінде үлкен көлемде өзгеріп отырады. Көктемде түптену фазасы кезінде көрсеткіштер төмен болады, кейін олар күздік бидайдың масақтану фазасында өсіп, максимумға жетеді (207,0 дана/м², 55,5 г/м²). Жинау кезеңіне келгенде арамшөптердің саны мен массасы табиғи жойылу салдарынан азаяды. Зерттеу материалдары мен әдістері. Күздік бидайдың бақылау нұсқасында 2 есептеу жүргізген уақытта тәжірибие мәліметіне сүйенсек, арамшөптер саны 136,0 дана/м², ал олардың массасы 84,0 г/м². Гербицидтерді қолданған кезде арамшөптердің саны мен массасы күздік бидайдык түтікке шығу фазасынан бастап, жинауға дейін азаяды. Түтікке шығудан бастап жинағанға дейінгі аралықта 2,4–Д амин тұзы 40% (0,7 л/га) гербицидін ковбой (150мл/га) мөлшерінде пайдаланғанда гербицидтердің барлық зерттеліп отырған нұсқалары арасында ластану дәрежесі бойынша, алдыңғы қатарда болады.

References

1 Абаев С.С. Продуктивность озимой пшеницы в зависимости от предшественников и приемов основной обработки почвы на полуобеспеченной богаре Юга-Востока // Автореферат на соискание ученой степени кандидата сельскохозяйственных наук.Алмалыбалык,2007

2 Беляевым М.П, Васьковским Г.П. выное элементов минерального питаня культурными и сорными растениями по влиянием удоврений и гербицидов, Бюл. ВИУА, 2000.

3 Киселев А.Н., Копос М. Сорные ростения и меры борьбы с ними,2015

4 Старостин С.П. Основные вредители, болезни и сорнияки яровой пшеницы, защита ростений, 1987.

5 Ещенко В.Е., Шаповая В.А. Структура посевных площадей и засоренность, защита ростений, 2011.

6. Хидиров А.Э., Киреев А.Қ. Ылғал қорын жинауда топырақты өндеу тәсілдері мен алғы егістің маңызы// Жаршы, №10.2012. Б 29-32

7.Кененбаев С.Б., Иорганский А.И., Рамазанова С.Б. и др. Рекомендации по проведению полевых работ в 2006 году на юго-востоке Казахстана. – Алмалыбак, 2006.

Published

2020-02-15

How to Cite

Жарылқасын, Н., Сайкенов, Б., & Серғазы, А. (2020). Күздік бидай егісінде қолданылған гербицидтердің арамшөптерге әсері. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 8(664). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1664