Орыс сыныптарында мәтін арқылы тіл дамыту жұмыстары

Authors

  • БС Жумина Республика Казахстан

Abstract

Тәуелсіздік туы желбіреп, қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болғалы, қазақ тілін жан - жақты үйрету, мәнерлі тіл құралдарының барлық байлығын игерген болашақ жастарды тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Осыған орай бүгінгі жастарымызды қазақ тіліне деген ынтасын, құштарлығын арттыру, құрметтеу, алған білімін практикалық істе пайдалана білуге үйрету міндет болып табылады. Бүгінгі күнгі жалпы орта білім беру мекемелерінде мемлекеттік тілді оқытудың сапасын арттыруда талай жұмыстар атқарылып, нақты шаралар белгіленіп, іске асырылып жатқанымен, оқыту ісінде түбегейлі мақсатқа жету жолында әлі де көптеген істерді атқару қажеттігі бар. Соның бірі – тіл дамыту сабақтарында мәтін және мәтін бойынша тапсырмалар арқылы тілді меңгерту мәселесін зерделеу. Себебі мәтінмен жұмыс істеудің бір әдісін тіл үйретудің барлық деңгейінде қолдана беру орынды бола бермейді. Бастапқы кезеңде шағын мәтінді оқып, түсініп, сұрақтарға жауап беріп, мазмұндау іспетті тапсырмалар орындалса, одан кейінгі кезеңдерде мәтіндегі сөздерге антоним, синоним табу, мәтін бойынша диалог құрастыру, мәтіндегі сөйлемдерді мағынасын сақтай отырып басқаша құрастыру, толықтыру, таратып жазу т.с.с. және бұдан да күрделі, оқушылардың шығармашылық (креативті) ойын дамытатын тапсырмалар болуға тиіс. Тіл дамыту сабақтарын сапалы әрі түрлендіріп өткізу оқушы тілін ұштай түсетіні ақиқат. Ғалымдар еңбегін саралай келе, мәтінді, мәтін бойынша тапсырмаларды пайдаланудың бірнеше тиімді жолын айқындап, тіл үйрету сабақтарында мәтінді, мәтін бойынша тапсырма түрлерін ұтымды пайдаланып, тиянақты нәтижеге қол жеткізуге болатынына көз жеткіздік. Зерттеудің жаңашылдығы: - Берілген мәтінді оқып, одан түйінді ой шығару. - Мәтін немесе ережемен танысықаннан кейін оларды оқып ассоциациялау. - Жоба сабақ берілген шығармашылық жұмыс арқылы оқушының ізденушілік қабілетін дамыту.

References

1. Ж.Дәулетбекова «Оқушылардың тілін дамыту жолдары»

2. Т.Сабыров «Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары»

3. Б.Тұрғынбаева «Дамыта оқыту технологиялары»

4. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. Алматы, 2004 ж. №7

5. «Қазақстан мектебі» Алматы, 2004 ж. №5

6. Б.Тұрғынбаева «Ұстаздық шеберлік» Алматы, 2006 ж.

Published

2020-02-15

How to Cite

Жумина, Б. (2020). Орыс сыныптарында мәтін арқылы тіл дамыту жұмыстары. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 8(664). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1667