Пейзаждың даму тарихы

Authors

  • НЖ Утенова Республика Казахстан

Abstract

Өнер – адам жасаған құндылықтардың ең құнды дүниесі. Өнердің алға қоятын мақсаты – әдемілікті сездіру, сұлулықты таныту, көркемдіктен ләззәт ала білуге машықтандыру. Ал әдеміліктің талабы – адамзатты көркемдік сезіне білуге баулу. Өнердің тақырыбы өте кең. Бізді қоршаған әлем – тұтасымен әдемілік әлемі. Сізге және бүкіл адамзатқа жылы әсер етіп, көргенде көз жанары қызды өзіне тартып, естігенде құлағыңыздың құрышын қандырып, әр сәтте жан-жүрегіңізде баулап алса, оны әдемілік, әсемдік, сұлулық, көркемдік деп қабылдауымыз керек. Өнер адамдарды шыңдап сезініп, жүрегімен қабылдаған әдемілікті санада қорытып, оны шығармашылықтан қайта туындатса, ол өнер туындысы болып шығады. Әсемдікті санадан қайта туындатқанда, ол көркем дүние болып шықса ғана өнер болып есептеледі. Табиғат – қоршаған ортаны бейнелеу, табиғи көрінісін бейнелі түрде көрсету. Суретші өзінің көзқарасымен қоршаған ортаны, шындық өмірді әсерлі және нақты бейнелейді. Табиғаттың суретін бастамас бұрын алдымен сюжет пен композицияны қарастыру керек.

References

Б.Әлімұхаметов, Ж.Балкенов «Сурет салу және бояумен жұмыс істеу әдістері». Алматы «Мектеп баспасы» 1987 жыл.

Әбіш Кекілбайұлы. «Кемпірқосақтың түсі қандай». 2018 жыл.

Әлемдік өнертану. Үш томдық 2: Бейнелеу өнері. Алматы: Өлке, 2008ж

Published

2020-02-15

How to Cite

Утенова, Н. (2020). Пейзаждың даму тарихы. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 8(664). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1682