Факультативті сабақ барысында интерактивті технологияларды тиімді қолдану жолдары

Authors

  • ДМ Ахманова Республика Казахстан
  • Е Солтанбек Республика Казахстан
  • СС Жексембекова Республика Казахстан

Abstract

Қазіргі кезеңде технологиялық прогресс әлеуметтік үрдіске әсер ететін неғұрлым маңызды фактор болып табылады. Педагогикалық білім беруде интерактивті технологияны қолдану – қоғамның заманауи сана-сезімін және сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі. Білім беру жүйесінде интерактивті технологияны қолдануды үнемі жетілдіріп отыру үшін компьютерлік немесе инновациялық технологияның дамуымен қатар психологиялық-педагогикалық бағалау өлшемдерінің модификациясы мен оқушылардың дайындық деңгейінің, білім берудің мақсаты мен оқытудың шарттарын ескеру керек. Адамзат дамуының жаңа кезеңіне білім беру жүйесі, оқыту жүйесі, білім үлгісі сай келуі тиіс. Сондықтан да оқытудың инновациялық технологияларын қолдану өзекті, әрі тың мәселе. Қазірдің өзінде мемлекетіміз 2030 жылға дейінгі кезеңдегі білім беруді дамыту мен жетілдірудің стратегиясы мен тактикасын анықтап, педагогикалық қауымдастық интерактивті технологияларды білім беру практикасына белсенді енгізуде. Интерактивті оқытудың технологиялық идеясы 1990 жылдардың ортасында пайда болды. Бұл құбылыс алғашқы веб іздеу жүйесінің пайда болуымен және интернеттің қарқынды дамуының басталуымен байланысты. Кейбір сарапшылар интерактивті технологияны компьютерлік желілер мен интернет ресурстарын қолдану арқылы оқыту деп түсіндіреді. М.В. Лушникова, П.П. Мельникова және басқа авторлардың еңбектерінде компьютерлік желілер мен интернетті интерактивті оқытудың бөлігі деп қарастырады. «Интерактивті технологиялар» категориясы оқыту, білім беру үрдісімен тығыз байланысты. Оларды келесі категорияларға жіктеуге болады, атап айтқанда: 1. Қолайлы атмосфераны құру, қарым-қатынасты ұйымдастыру әдісі. Оқушының зейінін жұмысқа аударту үшін маңызды әдіс, сонымен қатар әр оқушының өзін-өзі тануына ықпал етеді. 2. Шығармашылық тұрғыдан ұйымдастыру әдісі. Оқу үрдісінің жаңа мазмұнын құруға ықпал етеді. Оқушылар зерттелген құбылыстар мен үрдістер туралы жеке мағына қалыптастырады, сонымен қатар мұнда оқушылар өз ойларын белсенді түрде білдіре алады. 3. Әрекет алмасуды ұйымдастыру әдісі. Бірлескен іс-әрекет және ұжымдық шешім қабылдау үшін оқушыларды шығармашылық топтарға біріктіруге көмектеседі.

References

Азарова, А. Метод ролевой игры [Текст] / А.Азарова. - Спб.: Речь, - 2011. - 352с.

Белкин, А.С. Витагенное образование. Голографический подход [Текст]: А.С.Белкин, Н.К.Жукова. - Екатеринбург, 1999 - 147 с.

Белкин, А.С. Основы возрастной педагогики [Текст] / А.С.Белкин. - М: Академия, 2000 - 192 с.

Беспалько, В.П. Образование и обучение с участием компьютеров [Текст] / В.П. Беспалько. - М. : Бином, 2005. - 349 с.

Беспалько, В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения [Текст] / В.П.Беспалько . - М., 2002. - 215 с.

Воронин, А.С. Словарь терминов по общей и социальной педагогике [Текст] / А.С.Воронин. - Екатеринбург: ГОУ ВПО УГТУ-УПИ, - 2006. - 135 с.

Published

2020-02-15

How to Cite

Ахманова, Д., Солтанбек, Е., & Жексембекова, С. (2020). Факультативті сабақ барысында интерактивті технологияларды тиімді қолдану жолдары. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 8(664). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1686