Қазақ телевизиясындағы ұлттық бағдарламалардың қалыптасу бағыты

Authors

  • К Жумаканова Республика Казахстан
  • ГА Мурсалимова Республика Казахстан

Abstract

Телевизия саласына кірісіп, бағдарламалар туралы айтып, түрін түстемес бұрын ең әуелі, ұлттық бірегейлікті сақтау дегеніміз не, осыны анықтап алғанымыз жөн. «Ұлт» немесе «ұлттық» бірегейлік нені білдіреді? Бұл туралы әр жерде әр түрлі көмескі түсініктемелер көптеп кездеседі. Ұлт дегеніміз – көпфункционалды , тұтас, жартылай жабық әлеуметтік –мәдени топ, және ол өзінің өмір сүріп жатқанын, бірлігін сезіне де, сездіре де алады. Ұлт бір мелекеттің азаматтары, тілдері ортақ немесе ұқсас және олардың алдында өмір сүргендердің ортақ тарихынан туындаған ортақ жиынтық, өздері және ата бабалары тұрған ортақ теритроиялардан құралушы дүние.[1] Атам қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген керемет мағыналы сөз бар. Бұл аталы сөз ұлтты ұйыстыруға ұлттық бірегейлікке, елдік пен ауызбіршілікке үндейді. Себебі, ұлттық бірегейліктің түп – тамыры әрбір отбасындағы ұлттық дәстүрден бастау алады. Әрине, жаһандану дәуірінде ұлттық болмысты жоғалтпай, бабадан балаға мирас болып жалғасқан ата дәстүрді ұмытпаған абзал. Сонымен бірге ұлт дегеніміз мемлекеттен, этникалық және таза территориялық топтардан өзгеше әлеуметтік жүйе. Міне осыдан келіп ұлттық бірегейлік ұғымы туындайды. Ұлттық бірегейлік ұғымын көбінесе ұлтты керемет, әлеуметтік этникалық қауымдастық және тарихтың толық субьектісі ретінде түсіндірумен байланыстырып жатады.[2] Сонымен қатар ұлттың өткен тарихы, ортақ абыройы, бабаларымыздың жасаған ерен еңбектері және оларды еске алу, атақ даңқ, өкініш мұң мұрасы мен болашаққа деген тың идеялар мен көзқарастары арқылы айқындауға әбден болады. Көп жағдайда Қазақстанның әлеуметтік саяси, мәдени дамуында ұлттық бірегейлілікті қалыптастыру мәселесі қазақ философиясында өзекті деп саналады. Бұл мәселені белгілі бір тақырып етіп, соның аясында зерттеулер жүргізсек, кейбір мәселелер мен қиындықтар туындауы әбден мүмкін. Ұлттық бірегейлілік мәселесінің қиындығы мен күрделілігi – оның көп қырлылығында. Сондықтан да оны зерттеу барысында белгілі бір оқиғалардың, саяси бағдарламалардың, тың идеялардың, сезім мен көңілдің жетегінде кетуге болмайды. Қазақ философиясының негізін салушылардың бірі - Абай ілімі тап бүгінгі ұрпақты «қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ» дегендей ұлттың жан дүниесіне үңіліп, сын көзбен қайта қарауды талап етеді. Қашан да қоғамға қажет нәрсе ұлттық бірегейлік, себебі, мемлекеттің тұтастығы қоғамдағы ұлттың және зиялылардың азаматтық бірегейлігіне тәуелді. Ұлттық бірегейлік ұрпақтың рухани деңгейінен шығады, рухани деңгей арқылы көрініп, жүзеге асып отырады.[3] Айта кету керек, ұлттық бірегейлілік тұрақты сипатқа ие, алайда оған қоғамдық–тарихи тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа бергенімен, оғанжасампаздық та бөтен емес. Кеңес заманынан кейінгі қазақстандықтардың өзіндік бірегейлілік үдерісі бүгінгі күнге дейін аяқталды деп айтуға келмейді. Еліміз болашақта өзінің тарихи қалыптасып келе жатқан ұлттық келбетін сақтап қана қоймай, сонымен қатар тең құқылы дәрежеде өзге елдермен жаһандану үдерісіне кіруі қажет. Ұлттық бірегейлік болмаса не болады? Ұлттық бірегейлік болмаса, тұлғалық бірегейлік болмайды. Тұлға болмаса, тарих та болмас еді. Яғни, ғасырлар бойы қалыптасатын мемлекеттің негізгі құндылықтары – дәл осы тұлғалық қасиет, ұлттық бірегейлілік пен құндылықтардан тұрады.[4] « Ұлттық салт дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз бен өнеріміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай ұлттық бірегейлігіміздің сақталғанын өнер, телевизия саласынан да байқауға болады. Яғни, тарихты кино мен телевизия арқылы таныту. Телевизиясыз бүгінде қоғамды елестету мүмкін емес.Телевизия пайда болған күннен бастап адамзатты таңырқатып келе жатқан тың құбылыс болды. 1958 жылы Алматы, Өскемен және Қарағанды қалаларында алғашқы телеорталықтар пайдалануға берілді. Кейін, шалғайдағы елді-мекендерге хабар тарату қажеттілігі пайда болды. Нәтижесінде, жаңа технологияларға жол ашылды. 1971 жылы Қазақстанда 3 «Орбита» станцисы, 59 РТС радиохабар таратуды жүзеге асырды. «Орбита» жүйесімен қатар «Москва» жерсеріктік хабар тарататын жаңа жүйе де қатар дами бастады [5]. Содан бастап телевизия саласы қарыштап дамып, техникасы жаңара түсті. Арнаның медия кеңістіктегі әлеуеті әжептәуір әлдене түсті. Ұлттың қамын ойлаған ұлттық телеарналар, бағдарламалар пайда бола бастады. Телеарна әртүрлі хабарлар таратып, сан саланы бағдарламаларға арқау етті. Алайда, енді ұлттық колоридтегі телебағдарламалар саусақпен санарлық. Таңертең көзді аша салысымен теледидармен оянып, теледидар көріп жатып тәтті ұйқыға кететін, енді қазіргі таңда көгілдір экраннан көрсетіліп жатқан бағдарламалар бүгінгі ұрпақтарға қызықтырмайтыны хақ. Бүлдіршіндер амал жоқ атыс-шабыс бейнеленген шетелдік кинолар мен мультсериалдарды көруге мәжбүр. Кино тұтастай бір ұлттың мәдениеті мен әдебиеті, тарихы мен салт дәстүрін, ұлттық идеясын көрсететін құралдың бірі болып табылады. Өзімізге белгілі түрік, кәріс және батыс елдерінің тарихи кинолары арқылы біз оларды тани білдік, өздерін таныта білді. Біздің бала кезімде кәрістің «Тангем», «Жумонг ханзада», «Тәуіп Хо Жун» сынды телесериалдары отандық арналарымыздан көрсетіліп жатты. Біздің көп жастарымыз сол фильмдердегідей ерлікке, еңбекқорлыққа, жауынгерлікке ұмтылды. Міне, осындай бір ғана фильм адам санасын өзгертуге ықпал етті. Қазақ халқы ақындар мен би - шешендерге, сал– серілер мен даңқы жер жарар батырларға кенде емес. Аты мен өмірлері тұтастай тарихқа айналған осынша арда азаматтарымыздың өміріне тікелей негіздеп көптеген кинолар, анимациялық мультфильмдер түсірілуі керек. Түсіріліп те жатыр. Бірақ ол тым аздық етеді. Тарихымыз, тұлғаларымыз оншалықты аз емес қой. Сондықтан қазіргі өскелең ұрпаққа мақтан тұтар тұлғалар өмірі мен тарихымызды көптеп таныстыру қажет.

References

Сарсенбаева З.Н. Этнос и ценности.–Алматы, 2009. 235стр

Тощенко Ж. Т. Этнократия. История и современность. М. Роспен ; 2003. 434стр

Вебер М. Протестантская этика и дух капитализма. – М,1999. – 125стр.

Электронды ресурс: http://www.kazteleradio.kz/c/ 130 (26 мая 2015)

Электронды ресурс: https://www.old.el.kz/blogs/entry/%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%-D1%82%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D0%B2%D1%B8%D0%B7%D0%D1%8F%D1%81D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3-%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%85%D1%8B

Published

2020-02-15

How to Cite

Жумаканова, К., & Мурсалимова, Г. (2020). Қазақ телевизиясындағы ұлттық бағдарламалардың қалыптасу бағыты. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 8(664). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1688