КИНЕМАТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Authors

  • ЛУ Таймуратова Республика Казахстан

Abstract

Кинематика ұғымдары алғаш рет 7-сыныпта «Қозғалыс» тарауында қарастырыла бастайды. «Қозғалыс» тарауын оқытудың негізгі мақсаты – материя қозғалысының қарапайым түрі болатын механикалық қозғалыс туралы жүйелі түсінік беру. Бұл тарау әдістемелік тұрғыдан алғанда неғұрлым күрделі болып есептеледі [1]. Тарауда механикалық қозғалыс берілген дененің басқа денемен салыстырғандағы орнының өзгеруі ретінде анықталады. Механикалық қозғалыстың анықтамасын бергенде қозғалыстың салыстырмалылығына ерекше мән беру қажет. Екінші сөзбен айтқанда, дене қозғала ма? – деген сұраққа жауап берместен бұрын, санақ денесін таңдап алған жөн. Сондай-ақ «тыныштық» ұғымының да салыстырмалы екенін мысалдар келтіре отырып түсіндірген дұрыс. Материалды бекіту мақсатымен мынадый есептер шығаруға болады: Төменде аталған денелер қайсы денелерге қатысты алғанда тыныштықта және қайсысына қатысты алғанда қозғалыста болады: қозғалыстағы жүк машинасында отырған жолаушы; жүк машинасының артында, бірдей қашықтықта жүріп келе жатқан жеңіл машина; тіркемедегі жүк (1-сурет). Тротуарда тұрған адам қандай денелерге қатысты алғанда тыныштықта және қандай денелерге қатысты қозғалыста болады?

References

Математика, информатика және физика журналы, №3-2018

Қайырбаев Қ.Қ. Классикалық механика негіздері. Павлодар, 2005.

Иродов И. Е. Механика. Негізгі заңдар. – Алматы, 2012.

Published

2020-02-15

How to Cite

Таймуратова, Л. (2020). КИНЕМАТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 8(664). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1690