Бала тәрбиесінде ата-ананың міндеті

Authors

  • ББ Башенова Республика Казахстан

Abstract

Қазіргі білім беру жүйесіндегі баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудағы негізгі мақсат – өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын сабақтағы оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу; оқу-зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыру, сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау; оқушының түрлі дара қабілеттерін дамыту. Осыған орай, оқушылардың танымдық дағдыларын оқу-зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту үшін мұғалім сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс- пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері арқылы өткізілген әрбір сабақ оқушыларды терең ойлауға, ізденіске жетелейді. Оқушылардың оқу-зерттеушілік, шығармашылық жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша олардың өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Сонымен қатар оқушылардың өзіндік жұмысының жоғарғы формасына олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстарын жатқызамыз. Мұғалім оқушылардың оқу-зерттеушілік жұмысын ұйымдастыруда өзінің басшылық әрекетін олардың талап-тілектеріне сәйкес ойдағыдай ұштастыра білуі қажет. Бұл мұғалімнен шығармашылық еңбек пен әдістемелік шеберлікті талап етеді. Өз сабақ жоспарларымды «Сыни ойлауды дамыту» жобасын жүзеге асыру бағдарламасының қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс құрылымдық кезеңдеріне бағыттай құрамын. Сабақтың тақырыбына сай қойылған мақсат-міндеттерін жүзеге асыру үшін әр кезеңге сай «стратегиялар» мен әдіс-тәсілдерін таңдаймыз. Сабақтың бірінші кезеңінде – қызығушылықты ояту үшін оқушыны бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастыруына бағыттаудан бастаймын. Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Мені таны» тағы басқа әдістер қолданамыз. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру, өйткені үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастырады. Сабақтың екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына бағыттайтын көптеген оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында «V» - «білемін», «-» - «білмеймін», «+» - «мен үшін жаңа ақпарат», «?» - «мені таңқалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылақ етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.

References

1

Published

2020-02-15

How to Cite

Башенова, Б. (2020). Бала тәрбиесінде ата-ананың міндеті. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 8(664). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1692