МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР ЖҮРГIЗУДIҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОЛДАРЫ

Authors

  • Қ Молдабек Республика Казахстан
  • АС Ажидинов Республика Казахстан
  • БС Длимбетова Республика Казахстан

Abstract

Ұрпақ тәрбиесi барлық уақытта әр қоғамның көкейтестi мәселесi болып келген. Ал қоғам деңгейi қандай болса, сыныптардағы бiлiм беру сапасы да соған лайық болмақ. Қоғамның алдына қойған мақсаттарына сәйкес бiлiм беру жүйесiнiң өзгеретiнi педагогикалық ғылымдар тарихынан белгiлi. Себебi қоғам – тапсырыс берушi, ал сынып - осы тапсырысты жүзеге асырушы педагогикалық жүйе. Бұл мәселелер, ең алдымен оқушыға деген көзқарастың өзгеруiне алып келетiнi түсінікті. Себебi оқыту үрдiсi тек шәкiрт үшiн ұйымдастырылып, қызмет етедi. Егер бала осы үрдiс барысында мақсатты iс-әрекет жасамаса, онда оқыту үрдiсiнiң нәтижелi болуы екi талай. Оқу үрдiсiнiң нәтижелiлiгi оқушы бойында қандай өзгерiстер болғандығы тұрғысынан, яғни оның қандай бiлiм мен дағдыларды игергенi, оның психологиялық дамуы, әдетi мен тәртiбiнде қандай iлгерi жылжу белгiлерiнiң болғаны, ғылыми-диалектикалық көзқарасының қандай дәрежеде қалыптасқандығы т.б. тұрғысынан бағаланатыны да анық. Оқушыны оқыту субъектiсi ретiнде қарастыра отырып қана математиканы оқытудың мақсаты мен мiндетiн нәтижелi iске асыруға болады. Сол себептен де С.Л.Рубинштейн: “Оқыту мен тәрбиелеудiң барлық күрделi мiндеттерiнiң жүзеге асырылуы, оқушының қаншалықты мөлшерде өзiнiң оқу-тәрбиелiк қызметiнiң субъектiсi болуына байланысты”, - деп көрсеткен болатын [1]. Оқыту үрдiсi екi жақты: мұғалiмнiң қызметi және оқушының қызметi. Бiр жағдайларда оқушы мұғалiмнiң қызмет объектiсi, ал оқу барысында субъект ретiнде болады. Сонымен қатар оқу-тәрбие процесiндегi оқушының атқаратын қызметi оның жан-жақты дамуының негiзi болып табылады. Мұғалiм қызметiнiң басты мазмұны – оқушының өз қызметiн саналы және мақсатты түрде жүргiзуiне көмек көрсету. Оқушы мен мұғалiм қызметтерiнiң бiр арнаға тоғысуы, алға қойған мақсатқа жоғарғы көрсеткiшпен жетуге, оқу процесiн жетiлдiруге ықпал етедi. Сондықтан да педагогикалық процесс барысында мұғалiм-тәрбиешi басты рольге ие бола отырып, барлық уақытта оқушының қызмет субъектiсi болуына ықпал жасауы тиiс. Шығыс ойшылдары Әбунасыр әл-Фараби (870-950жж), Әбуғали Ибн-Сина (980-1037 жж.) және т.б. балаларды тәрбиелеу барысында, олардың бiлiмiн қалыптастырудың әдiс-жолдарын қарастырған. Мысалы, Әл-Фараби өзiнiң “Философияны үйрену үшiн қажеттi шарттар” атты трактатында баланың iшкi сезiмдерiне әсер ете отырып, оқыту үрдiсiнде оларда қызығушылық пен ынта тудыру жөнiнде мынадай пiкiр айтты: “Рухани негiзi түзу болса, оның тiлегi, қалауы дұрыс болады. Оқу-үйрену нәтижесiне шәкiрттiң ниетi әсер етедi. Көңiл қалауы болмақ”- дедi [2]. Ал, Ф.Бөрібекова: “… егер ұжымда бала тәрбиеленсе, онда ол жалықпайды, сабаққа ынтасы мен қызығушылығы пайда болып, басқалардан қалып қоймауға талпынады”-дейдi[3].

References

1

Published

2020-02-15

How to Cite

Молдабек, Қ., Ажидинов, А., & Длимбетова, Б. (2020). МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР ЖҮРГIЗУДIҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОЛДАРЫ. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 8(664). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1695