БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ АРҚЫЛЫ ЭТНОМӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Authors

  • БҚ Шаушекова Республика Казахстан
  • А Ануарбек Республика Казахстан

Abstract

Әр халықта халықтың құрылу барысында қалыптасқан жасөспірімдерге білім берудің өзіндік ерекше педагогикалық жүйесі бар, оған аталған этностың қалыптасу барысындағы жергілікті этногеоргафиялық ерекшеліктері кіреді. Жас ұрпаққа осылай білім беру жүйесі мен тәрбиелеу “халықтық педагогика” термині арқылы немесе “этнопедагогика термині арқылы біріктіріледі. Халық педагогикасы ұжымдық халықтық шығармашылықтың құрамдық бөлігі ретінде және халықтың этникалық мәдениетінің көрінісі ретінде болады. Көптеген дәстүрлі педагогикалық жүйеге қатысты мәселелерді Қазақстандық педагог-ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты көптеген зерттеулерден өз көріністін тапты Халық педогогикасы ұжымдық халықтық шығармашылықтың құрамдық бөлігі ретінде және халықтың этникалық мәдениетінің көрінісі ретінде болады. Халық педагогикасы ертеректе пайда болған ол сол халық қанша өмір сүрсе, сонша уақыт өмір сүріп келе жатыр. Тарихи педагогикалық әдебиеттерде кейінгі кезде «Халық педагогикасы» деген ұғымды әр қырынан зерттеп келеді. Халықтың санасына тән рухани құбылыс, әр халықтың жинақтаған педагогикалық мол тәжірибесі, халықтың педагогикалық ойлары мен іс-әрекетінің жинағы, халық тәрбиесі туралы ғылым. Қалиев Серғазы. Қай заманның болмасын немесе қандай да болсын халықтың педагогикалық ғылымның патриархы өз жұмыстарын халық педагогикасына сүйене отырып жасаған, ол халықтықтың идеалын дамыта, табиғатты танушылығын тәрбиелей отырып, өзінің білім беру және тәрбие беру жүйесінде халықтық педагогика құндылықтарын пайдалана отырып, өз педагогикалық тәжірибелерінде халықты ең жоғарғы парасат ретінде қарастырған. Я.А. Коменский өз еңбектерінде ең бірінші болып халық байлығына көз жүгірткен. Ұлы чех педагогінің шыңы өз халқының ауыз әдебиетін жинау мен оны жүйелеуден және терең зерттеуден басталды. Мектепке дейінгі тәрбие беру тәжірибесін жалпылай отырып Я. А. Коменский сол «Ана мектебі», «Ана тілі» мектеп жүйесін жасаған [1].

References

1. Коменский Я.А., Локк. Д., Руссо.Ж.Ж., Пестолоцци И.Г. Педагогическое наследие. – М.: Наука, 1987. – 416 с.

2. Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлер. – Алматы: Наука, 1951. – 120 б.

3. Виноградов Г.С. Народная педагогика. – В кн.: Сибирская живая страна. – Иркутск: Педагогика, 1926. – С. 5– 9.

4. Волков Г.Н. Чувашская народная педагогика. – Чебоксары: Педагогика, 1970. – 96 с.

5. Вернадский В.И. Философские мысли натуралиста – М.:Наука, 1988. – 520 с.1.

6. Наурызбай Ж.Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. – Алматы: Ана тілі, 1995. – 192 б.

7. Қожахметова Қ.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. – Алматы: Ғылым, 1998. – 317 с.

Published

2020-02-15

How to Cite

Шаушекова, Б., & Ануарбек, А. (2020). БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ АРҚЫЛЫ ЭТНОМӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 8(664). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1698