ШЕБЕРДІҢ КІРІСПЕЛІК НҰСҚАУНАМАНЫ ЖҮРГІЗУІ

Authors

  • А Белдерханов Республика Казахстан
  • Ж Аманбаев Республика Казахстан

Abstract

Кіріспелік нұсқаунама дегеніміз өндірістік оқыту сабағының ұйымдастырушылық (сыртқы) құрылымының элементі. Сабақтың дидактикалық құрылымы тұрғысынан қарасақ кіріспелік нұсқаунама негізгі үш элементтен тұрады: мақсатты белгілеу, білім алушылардың білімі мен тәжірибесін белсендіру (актуализациялау), олардың іс-әрекеттерінің бағдарлық негіздерін құру. Сабақтың мұндай элементтері әр сабақта кезектесе отырып, және олардың болуы міндетті болып табылады. Еңбек тәсілдері мен операцияларын оқып-үйрену сабақтарында кіріспелік нұсқаунаманы фронтальды түрде жүргізеді. Нұсқаунамалардың ұзақтығы өндірістік оқытудың жалпы процесінде, оның мазмұнына, тақырып бойынша сабақтар жүйесіндегі сабақтың өту орнына байланысты болады. Мұндай кіріспелік нұсқаунаманың орташа ұзақтығы – 30-33 мин, алғашқы бірінші сағатында іске асады. Еңбек тәсілдері мен операцияларын оқыту кезіндегі әр сабақтарда жүретін кіріспелік нұсқаунамаға сәйкес келесідей типтік кезектілікке тән: - сабақ мақсаты мен тақырыбын жеткізу; - ағымдағы өтетін сабақтың материалдарымен байланысты материалдар жөніндегі білім алушылардың білімі мен шеберлігін тексеру; - оқып-үйреніп жатқан операцияларды орындаудың тәсілдері мен амалдарын, орындалатын жұмыс процестерін өзіндік тексеру тәсілдерін түсіндіру және көрсету;

References

1. Өстеміров К. Кәсіптік оқыту әдістемесі. Алматы, 2006.

2. Кругликов Г.И. Кәсіптік оқыту шеберінің үстелүсті кітабы: орта кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттеріне арналған оқу құралы. 7-басылым. М.: «Академия» баспа орталығы, 2014. -272б.

Published

2020-02-15

How to Cite

Белдерханов, А., & Аманбаев, Ж. (2020). ШЕБЕРДІҢ КІРІСПЕЛІК НҰСҚАУНАМАНЫ ЖҮРГІЗУІ. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 8(664). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1699