Ағылшын тіліндегі түрлену категориясының семантикалық және прагматикалық құрлымы

Authors

  • ЕБ Бауыржан Республика Казахстан

Abstract

Ұсынылып отырған мақала қазіргі тілде қазақ және ағылшын тілдері етістіктерінің лексикалық және синтаксистік семантикасын зерттеуге арналған. Отандық және шетелдік зерттеушілердің назарын аударатын тіл білімінің өзекті проблемаларының бірі - жекелеген сөздер мен тұтас сөйлемдердің тілдік бірліктерінің мәні проблемасы болып табылады. Соңғы уақытта қазіргі лингвистикада сөйлемнің құрылымдық-семантикалық орталығы ретінде қарастырылатын етістік семантикасын зерттеу ерекше қызығушылық тудырады. Тірек сөздер: түрлену категориясы, семантика, шақ формалары, прагматика, синтаксис, тұйық етістік. Уақыт (мезгіл) - барлық нәрсеге бірдей және ол тілге тәуелсіз. Қимыл, іс-әрекет белгілі бір уақыт кеңістігінің аралығында болады. Қимыл іс-әрекеттің үзіліссіз не алдағы уақытта орындалатынына, орындалғандығына қарай уақытты, негізінен, үш бөлікке яғни өткен, қазіргі (осы), алдағы (келер) уақытқа бөліп қарастыруға болады. Өткен уақыт пен алдағы уақыт шексіз, ал қазіргі уақытты өткен мен алдағы уақыт аралығын ажыратып тұратын белгі нүктесі деп қарауға болады. Шақ - уақытқа, мезгілге қатысты қолданылатын лингвистикалық атау және ол әртүрлі тілде түрліше болады. Әртүрлі тілдерді салыстырсақ, шақ түрлері қимылдың, іс-әрекеттің, жай-күйдің өткенде болғанын, қазір болатынын не болып жатқанын не келешекте (алдағы уақытта) болатынын білдіреді. Сонымен қатар шақ түрлері қимыл-әрекеттің өткенде аяқталғанын, қазір аяқталатынын, не алдағы уақытта аяқталатынын немесе алдағы уақытта белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асатын, жүретін іс-әрекетті білдіреді. Ағылшын тілінде шақ формалары уақыт пен аспектіні бірге қарастырады. Басқаша айтқанда, ағылшын тіліндегі шақ формалары уақыт және аспект грамматикалық категориялары аралас, бір-бірімен байланыста қарастырылады. Етістіктің негізгі шақ формалары қимыл, іс-әрекеттің сол сөйлеп тұрған уақытқа қатысты мезгілін білдіреді. Сөйлеп тұрған уақыт тұрғысынан алып қарағанда, іс-әрекет өткенде, сол уақытта (кезде) не алдағы уақытта жүзеге асуы мүмкін. Осыған қатысты ағылшын тілінде етістіктің шақ категориясын осы шақ (белгісіздік және созылмалы түрі), өткен шақ (белгісіздік жэне созылмалы түрі), келер шак (белгісіздік және созылмалы түрі) деп үлкен үш топқа бөлінеді. She has a cold (Оған суық тиеді). I think Marat is well (Мен Мараттың жағдайы жақсы ғой деп ойлаймын). This flower smells good (Мына гүлдің иісі жақсы). Does he understand now what you ask for? (Сіздің нені сұрағаныңызды ол енді түсіне ме?) We live in Astana now (Біз қазір Астанада тұрамыз). Белгісіздік осы шақ ақиқат шындықты, табиғатта, жаратылыста үзілмей, дағдылы түрде болып тұратын іс-әрекетті, процесті білдіру үшін қолданылады және «always, never, invariably» үстеулері келеді. Error is human (Адам қателеседі). Water boils at 100 С (Су 100 градуста қайнайды). Birds fly (Құс ұшады). Әдетке айналған үнемі (күнделікті) қайталанатын іс-әрекетті білдіру үшін қолданылады. Мұндай іс-әрекеттерді білдіргенде іс-әрекеттің мезгіліне қатысты «always (never, usually) seldom, sometimes, rarely, not ever, occasionally, often (not often, every,

References

1. Ысқақов А.Ы. Қазіргі қазақ тілі: Морфология. – Алматы, 1991. – 385 б.

2. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 446 б.

3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1966. – 362 б.

4. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тілі (Педучилищелерге арналған). – Алматы, – 220 б.

5. Қордабаев Т.Р. Қазіргі қазақ тіліндегі шақ категориясы. – Алматы, 1953. – 116 б.

6. Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі: Етістік. – Алматы: Мектеп, 1966. – 156 б.

7. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы, 2007. – 388 б.

Published

2020-02-15

How to Cite

Бауыржан, Е. (2020). Ағылшын тіліндегі түрлену категориясының семантикалық және прагматикалық құрлымы. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 8(664). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1706