Су ресурстарының ластану көздері

Authors

  • ЕҚ Кейкин Республика Казахстан
  • РТ Мусина Республика Казахстан
  • АК Ауельбекова Республика Казахстан
  • ДК Кыздарова Республика Казахстан
  • МА Норцева Республика Казахстан

Abstract

Қоршаған ортаның азып-тозып бара жатуының адамзатқа үлкен қауіп төндіріп отырғанын, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1972 жылы Стокгольмде өткен конференциясында – «Қоршаған ортаны қорғау – мемлекеттік іс, оған әр елдің мемлекеттік құрылымы жауап береді» - деп атап көрсетілген. Гидросфера қабаты Жер ғаламшарының 71 пайыз аумағын алып жатсада, су мәселе күн тәртібінен түскен емес. Адамзаттың өркениетті дамуы өзен, көл жағалауынан басталды. Су қай кезде болсын мемлекеттің, ұлттың басты экономикалық дамуына үлес қосып отырды. ХІХ ғасырдың аяғымен ХХІ ғасырдың басында өзен, көлдер толықтай ластануға ұшырап, Әлемдік мұхиттың өзі жоғары деңгейде ластанып дабыл қақтыруда. Әсіресе, әлемдік жүк тасымалының 70 пайызын құрайтын Атлант мұхиты БҰҰ-ның күн тәртібіне енді. Бүгінде су айдынында мекендейтін барлық биомассаға антропогендік қауіп төніп отыр. Атлант мұхиты жағалауында орналасқан Еуропаның ең дамыған елдерінің өзі мұхитқа орасан зиян келтіруде. Әсіресе, кейінгі кездері мұнай тасымалдаушы танкерлердің жиі-жиі апатқа ұшырауы салдарынан мұнай ашық мұхитқа төгілуде. Ол өз кезегінде мұхит биомассасының қырылып, жойылуына әкеп соқтыруда. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану үшін әр мемлекет қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар шығарады. Біздің еліміздің де қоршаған ортаны қорғайтын заңы бар. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы 1997 жылы 5 тамызда қабылданды. Осы заң аясында 2003 жылы Қазақстан Республикасының су кодексі қабылданды. Еліміздегі су ресурстарын қорғайтын бұл заңның әрбір бап, тарауы су ресурстарын тиімді қорғауға негізделген [1]. Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады. Су айдындарының ластануын былайша топтайды: биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер

References

Ақбасова А.Ж., Сайнова Г.Ә. Экология: жоо. арнал. оқу құралы. -Алматы: Бастау. 2003. - 60 б.

Акпамбетова К., Александрова H. Экомониторинг долины реки Нуры. - А.: Экологическое образование PK, 2005. - 12-13с.

Published

2020-02-15

How to Cite

Кейкин, Е., Мусина, Р., Ауельбекова, А., Кыздарова, Д., & Норцева, М. (2020). Су ресурстарының ластану көздері. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 8(664). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1715