Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуын түзету

Authors

  • ҰӨ Калдыбай Республика Казахстан
  • ЗӘ Әбдібекова Республика Казахстан
  • ГК Алшынбекова Республика Казахстан

Abstract

ҚР «Бала құқығы туралы» Заңының 6 бабында «балалардың дене бiтiмi, интеллектуалдық, рухани және имандылық тұрғысынан дамуына, олардың бойында азаматтық және бейбiтшiл сезiмдердi тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адами тұлғасының қоғам мүддесi, мемлекет халықтарының дәстүрлерi, ұлттық және әлемдiк мәдениет жетiстiктерiне қол жеткiзуi үшiн мүмкiндiктерiн ашуға жәрдемдесу» балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясаттың мақсаттарының бірі болып табылады. Осы Заңға сәйкес баланың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасау және де қандай да бір кемсітулерді сезінбеуіне көмек беріп, қолдау қажет [1, 84-86б] . Психикалық дамуы тежелген кіші жастағы оқушылардың жазбаша сөйлеу тілінің бұзылу мәселесі оларды мектепте оқыту практикасында жетекші орындардың бірін алады. Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының жазуында көптеген дисграфиялық қателер кездеседі. Бұл оқушылардың көпшілігі үшін жазу процесінде жеткілікті көңіл бөлу, өзін-өзі бақылаудың төмен деңгейі, қысқа мерзімді жадта сөйлеу материалдарын ұстауда қиындықтар, графо-моторлы дағдылардың жеткіліксіздігі тән [2, 115-120б]. Қазіргі уақытта мектеп бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға тап болған балалар санының айтарлықтай артуы байқалады, бұл мектептегі оқытудың маңызды мәселелерінің бірі болып табылады [3, 47б]. Осыған орай психикалық дамуы тежелген балалардың жазбаша сөйлеуінің бұзылуын өзекті, теориялық және іс жүзінде маңызды мәселе ретінде қарастырып отырмын. Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының жазбаша сөйлеу тілінің спецификалық қателіктерін келесідей топтастыруға болады: - фонематикалық қабылдаудың бұзылуымен байланысты қателер;

References

1. Специальная психология: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений / В. И. Лубовский, Т. В. Розанова, Л. И. Солнцева и др.; Под ред. В. И. Лубовского. — М.: Издательский центр «Академия», 2005. — 464 с.-С.84–86.

2. Садовникова И. Н. Коррекционное обучение школьников с нарушениями чтения и письма. Пособие для логопедов, учителей, психологов дошкольных учреждений и школ различных типов. — М.: Аркти, 2005г. .– С.115-120.

3. Фотекова Т. А., Ахутина Т. А. — Нейропсихологическая диагностика речевой патологии у детей // Газета «Школьный психолог». – 2001. - № 37-38. – С.47

4. Власова Т. А. Дети с ЗПР. -М.: Педагогика, 1984 г. — 68.

5. Власова Т. А. Лубовский В. И. Обучение детей с ЗПР. М.: Просвещение, 1981 г. — 70.

Published

2020-02-15

How to Cite

Калдыбай, Ұ., Әбдібекова, З., & Алшынбекова, Г. (2020). Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуын түзету. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 8(664). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1717