AR технологиясы арқылы өндірістік объектілердегі тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Authors

  • ФК Батесова Республика Казахстан
  • АҚ Ақылбек Республика Казахстан
  • РС Өмірбай Республика Казахстан

Abstract

ӨӘЖ614.841.34 Андатпа: Бұл мақалада әлемнің барлық дамыған мемлекеттерінде қолданылып жатқан AR технологиясы арқылы тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының елбасы қабылдаған "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасының аясында цифрлы сауаттылықты дамыту жайлы баяндалады. Түйін сөздер: AR технология, жаңа технология, тіршілік қауіпсіздігі, цифрлы сауаттылық. Қазір кез келген заттың үш өлшемді нұсқасын жасау еш қиындық тудырмайды. Кино, мультипликация, жарнамалық роликтер, ойын жасау және түрлі презентациялар жасаудан бастап, сәулет өнері мен инжинерияда 3D модельдеудің сан қырлы түрлері жаңа жетістіктерге жетіп жатыр. Ал оның танымдық, тәрбиелік мақсатта жасалған өнертабыстары бар ма? Әлбетте! "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы жарияланғалы бері, адамдардың өмір салтында ақпараттық-байланыс, танымдық технологиялардың белсенді қолданылуы үшін түрлі жобалар іске асып жатыр. Халықтың цифрлы сауаттылығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлемдік деңгейде AR «қосалқы шындық» технологиясы көптеген салада қолданылуда. AR дегеніміз – Augmented Reality, ағылшын тілінен аударғанда “қосалқы шындық” мағынасын береді. Нақтырақ айтқанда, қоршаған ортаны толықтыру мен жақсарту мақсатында ақпаратты компьютерлік бағдарламалар арқылы өңдеуді AR дейміз. Augmented Reality (бейне көріністі 3D графика арқылы шынайыландыру) тәсілі арқылы әлдеқайда қызық әрі түсінікті, деген пікірде стартаперлер.

References

1

Published

2020-02-15

How to Cite

Батесова, Ф., Ақылбек, А., & Өмірбай, Р. (2020). AR технологиясы арқылы өндірістік объектілердегі тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 8(664). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1725