Кәсіптік оқыту маманының бәсекеге қабілеттілігін арттаудағы ақпараттық технологиялардың маңыздылығы

Authors

  • А Оразбаева Республика Казахстан
  • Г Омарханова Республика Казахстан
  • Г Шаринова Республика Казахстан

Abstract

Әлемдегі өркениетті елдердің дүние жүзілік кеңістіктегі алатын орны оның ішкі даму мазмұнымен және сыртқы әлеммен қарым-қатынас сипатымен тікелей байланысты болады. Ал бұл өз кезегінде кез-келген сала бойынша бәсекеге қабілеттілік көрсеткішімен сипатталады. Сондықтан Тәуелсіз Еліміздің тірегі болатын, бәсекеге қабілетті жастарды дайындайтын жоғары оқу орындары базасын заманауи үлгіде жарақтандыру, білім берудің ақпараттық-бағдарламалық, ақпараттық-технологиялық және әдістемелік қамтылуы сиықты кезек күттірмес мәселелер бірінші кезекте шешілуі тиіс. Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңында ғылым мен бiлiмдi интеграциялау, оқу және тәрбие процесiн қамтамасыз ету мен жетiлдiру, оқытудың жаңа технологияларын әзiрлеу және енгiзу жайлы тапсырмалардың жүзеге асырылатыны жайлы айтылған [1]. Заманауи әлемде орын алып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси проблемалардың өзектілігінен біздің мемлекетіміздің білім беру саласындағы қызметкерлері терең білімді, кәсіби тұрғыда ұтқыр, жаңаша ойлау қабілеті жоғары, инновацияларды сезініп, оларды өзінің болашақ іс-әрекетіне енгізе білетін кәсіби білікті және бәсекеге қабілетті маман даярлау қажет екендігін толық мойындап отыр. Кез-келген жоғары оқу орындары нарықтағы маманның бәсекеге қабілеттілігін өздері даярлайтын түлектердің кәсіби қасиеттерін шыңдау (коммуникативтік, талдай білу, ұйымдастырушылық) және инновациялық ойлай білу стилін қалыптастыру арқылы өтей алатындығын түсінулері қажет. Мұндағы «инновациялық ойлау білу стилі» ақпараттың технологияларды жан жақты қолдану нәтижесінде жүзеге асатыны сөзсіз. Сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқу процесін жетілдіруге педагогикалық инновацияларды тек қана ақпараттық технологияларды қолдану арқылы қол жеткізуге болатынын практиканың өзі дәлелдеп отыр. В.Загвязинский өз еңбегінде инновацияны «білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті» деп түсіндірген болатын [2]. Жоғарыда келтірілген дәйек, мысалдардың нәти-жесі ретінде біз кәсіптік оқыту маманын кәсіби даярлаудағы арнайы пәндерді ақпараттық технология элементтерін пайдаланып жүргізу әдістемесін ұсынбақшымыз. Жалпы, жоғары оқу орнында инновациялық іс-әрекеттерді басшы-лыққа ала отырып ақпараттық технология арқылы білім беру – бұл анықталған мақсат, мазмұн және әдістің өзара байланысы, сондай-ақ нақты бір идея негізінде тұрғызылған іс-әрекет жүйесі екендігін айқындадық. Мысалы, тракторлар мен автомобильдер пәнін оқыту әдістемесі мен машина жөндеу пәнін оқыту әдістемесіндегі студенттің есептеу, сызба түсіру сияқты жұмыстарын инновациялық технологиямен алмастырып, стендтен алынған мәліметтерді компьютерлік бағдарламаға енгізіп, сол арқылы нақты есептеу жүргізіп, оның салыстырмалы көрсеткіштерін диаграмма арқылы анықтаудың әдістемесін жасадық. Бұранғы қалыптасқан есептеу жұмысында азғантай ғана ауытқудың өзі техниканың болашақ жұмысында сенімсіздік тудыруы мүмкін. Сондықтан диагностикалау жұмыстырының қорытындысын шығаруда компьютерді қолдану осы жұмыстағы уақыт үнемдеуге және нақты мәнді анықтауға мүмкіндік береді. Енді ДТ-75 тракторына жүргізілген тексеру операцияларынан қалыптасқан есептеу-сызба салу жұмыстарынан компьютерлік есептеулердің артықшылығын ажыратып көрейік. ДТ-75 тракторының бастапқы мәліметтері арнайы анықтамалықтан алынады [3]. Двигательді алдын-ала зерттеуге дайындау үшін қажетті операциялар толық орындалуы тиіс. Бұл жайлы студентке теориялық оқу процесінде мәлімет берілген. Стенді мен двигатель іске қосылып, қыздырылып, салқындату сұйығының температурасы қалыпты мөлшерге жетуі тиіс. Сонымен қатар реттеуші реостат көмегімен иінді біліктің айналу жиілігі келтіріледі. Мұнда да таразы механизміне 100 г жанармай құйылып, белгіленген тәжірибе уақытының ішінде соның қанша көлемі жұмсалғаны анықталады. Тракторлар үшін тұтандыру кезеңі оның қуатына, жанармай үнемділігіне тікелей әсер етеді. Сондықтан, бұл жерде біз ДТ-75 тракторының тұтандыру бұрышының зауыттық нұсқасынан өзгерген немесе өзгермегенін үш түрлі бұрышта тексереміз. Ол үшін тұтандыру кезеңінің нольдік мәні алынып, сол мәннен 60–кеш және ерте тұтандыру жағына өз-гертіп тәжірибе жүргіземіз. Барлық тексерудегі тәжірибе уақыты 15 с. Осы уақыт ішінде әрбір бұрыш үшін стендтің күш өлшеуіш механизмінің көрсетуі, иінді біліктің айналымы, жұмсалған жанармай шығындары жазылып алынады. Бұдан кейінгі есептеу, график салу жұмыстарына компьютерді қолданамыз. Есептелетін шамалардың – двигатель қуатының, жанармай шығындарының анықтау формуласы компьютерге енгізілген:

References

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сі. № 320-ІІІ ҚРЗ // ЕҚ, № 160 15.08. 2007

Загвязинский В.И. Инновационные процессы в образовании. –Тюмень, 1990. – 390 с.

Қалыбек Қоныспай, Анарбек Қозыбай. Ауыл шаруашылығында мәшине пайдаланудың анықтамалық деректері. – Алматы: ҚазМАУ. – 1996. – 160

Published

2020-02-02

How to Cite

Оразбаева, А., Омарханова, Г., & Шаринова, Г. (2020). Кәсіптік оқыту маманының бәсекеге қабілеттілігін арттаудағы ақпараттық технологиялардың маңыздылығы. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 6(662). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1818