ҚАРАПАЙЫМ ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ОРНЫҚТЫЛЫҚҚА ЕСЕПТЕУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Authors

  • НБ Суйеуова Республика Казахстан

Abstract

Қазіргі заман талабына сай құрылымдардың, оның элементтерінің беріктік және қаттылық мәселесімен қатар, орнықтылық мәселесі де қарастырылады. Қазақ даласы кең дегенмен, аймақ, облыс, аудан шоғырлануы негізінде зәулім ғимараттық құрылыстардың (инженерлік объектілердің) орнықтылығы мамандардың басты назарларында болуы тиіс. Элементтерінің тепе-теңдік күйін (орнықтылығын) жоғалтуына байланысты кейбір күрделі құрылымдардың қирауы бізге тарихтан мәлім. Мысалы, 1891 жылы Швейцарияның Манхенштейн деген қаласында ұзындығы 42 метрлік көпірдің орнықтылығын жоғалтуы салдарынан, 12 вагондық жолаушылар поезі апатқа ұшыраған. Сондай-ақ, құрылыс өнерінің тарихында орнықтылығын дұрыс есептемеу салдарынан инженерлік құрылыстың апатқа ұшырауына тағы бір мысал келтірейік, 1907 жылы АҚШ-та Әулие Лаврентий өзеніне консольді жүйемен салынған ұзындығы 549 метрлік үлкен көпір опырылған. Қирау кезінде көпір үстіндегі адамдар (74 кісі) мен техника түгелімен опат болды, 9 мың. тонна металл конструкция мүлдем жарамсыз болып, оның көп бөлігі су ішіне 40 метрге дейін батып кеткен. Апат құранды сығылған өзекшелердің орнықтылығын дұрыс есептемеу салдарынан болған. Ол кезде дененің орнықтылығын есептеу теориясы әлі де жеткілікті дәрежеде дамымаған болатын. Содан 9 жыл өткеннен кейін, яғни 1916 жылы дәл сол түста жаңа көпірдің құрылыс жұмыстары аяқталғанда көпір екінші рет қирап аспалы аралық опырылып, суға батып кеткен. Орнықтылық теориясы дамығаннан кейін 1776 жылы атақты механик И.Б.Кулибин Петербург қаласында 300 метрлік Нева өзеніне салынатын ағаш көпір жобасын жасаған, оған дейін Европадағы ең үлкен көпірдің ұзындығы 119 метр болатын. Осы мысалдардан туындайтын міндет - барлық нысандардың (обьектілердің) орнықтылығын есепке алу аса маңызды. Сондықтан өмірде орнықтылықтың ең қарапайым түрі - тік сығылған өзекшелердің мысалында орнықтылықты және оның кризистік күшін есептеу жағдайлары қарастырылады.

References

1. Түсіпов А., Түсіпова С. Материалдар кедергісі.-Алматы, «ҚР ЖОО қауымдастығы», 2012

2. Дүзелбаев С.Т. Инженерлік механика. - Алматы, 2013

Published

2020-02-02

How to Cite

Суйеуова, Н. (2020). ҚАРАПАЙЫМ ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ОРНЫҚТЫЛЫҚҚА ЕСЕПТЕУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 6(662). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1820