Мал шаруашалығы кәсіпорындарын жобалаудағы заманауи талаптардың маңыздылығы

Authors

  • АТ Оспанов Республика Казахстан
  • КЖ Жалгасбаев Республика Казахстан
  • НК Толунбеков Республика Казахстан

Abstract

Нарықтық экономикаға көшуге байланысты еліміздегі ауылшаруашылық өнімін өндірушілер мен ірі кәсіпорындардың қызметкерлері арасында экономикалық өзара қарым-қатынас структурасында біршама өзгеріс болды. Мысалы 90-жылдардың басында мал шаруашылығы кәсіпорындарының барлығы тек қана мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс жасады. Өнім мөлшері өте көп болды және дер кезінде тұтынушыларға жетіп отырды. 90-жылдардың ортасында мал өнімін дайындау жүйесі нарықтық қатынасқа көшті. Өнім тек өзара келісім жүйесі арқылы ғана өндіріліп отырды. Осыдан кейін кәсіпорындарды қайта құру немесе жаңадан жобалау қажеттілігі туындады. Қазіргі заманауи талаптарға сай мақсатты несиелеу көмегімен прогрессивті технологияны енгізу, маркетинг талаптарын орындау, нарық талабына сай өндірісті қайта құру, халықтың әртүрлі шоғырланған аймақтарына сәйкес өнімнің арнайы ассортименттерін жеткізіп отыру қажеттілігі сияқты біршама мәселелер туындады [1]. Міне осы және тағы басқа уақыт талаптарына сәйкес мал шаруашылығы кәсіпорындарын экономикалық міндеттерге сәйкес қайта жобалау міндеті қазіргі таңда кезек күттірмес негізгі мәселе болып саналады. Мал шаруашылығы кәсіпорындарының бас жоспарын жобалауды жер телімін таңдаудан бастайды, оның орналасуын шаруашылықтың дамуының келешек жоспарымен, санитарлық гигиеналық және өртке қарсы нормалармен байланыстырады. Кәсіпорынның құрылысына арналған жер телімін тегіс аумақта не болмаса тұрғын ғимараттарынан жауын сулары мен ағын суларының ағып кетуін қамтамасыз ететіндей 3-50 еңкіштікпен таңдайды. Телім елді мекен құрылыстарынан, су жинайтын ғимараттардан және ветеринарлық бөлмелер мен көң жинайтын құрылыстардан төмен орналасуы қажет. Қазіргі ауыл шаруашылығы саласы көбінесе агроөнеркәсіп кешені деп аталады. Агроөнеркәсіп кешені өте күрделі құрылым. Онда егін және мал шаруашылығының жұмыс үдерісі толық қамтылады, сонымен қатар, егін шаруашылығының да, мал шаруашылығының да өнімдері өндіріледі. Қазіргі таңда мал шаруашылығы кәсіпорындарын жобалауда оның құрылымын жаңа технологиялармен жабдықтауды және ондағы өндірілетін өнімның сапалы болуын талап еткен тапсырмалар көп қойылып отыр [2]. Жаңадан жобаланатын мал шаруашылығы кәсіпорындарының сипаттық белгілері заманауи талаптарға байланысты мынадай байланыстарды қамтуы тиіс (1-сурет). Талдау жасайтын болсақ, заманауи талаптарға сәйкес жаңадан жобаланатын кәсіпорын құрылымындағы

References

Ораевская Г.А. Анализ хозяйственной деятельности сельскохозяйственных предприятий. – М.: Издательский центр «Академия», 2004. – 396 с.

Алимарданова М.К. Проектирование предприятий молочной промыш-ленности: учеб. пособие / МОН РК. – Алматы: Альманах, 2017. – 315 с.

Published

2020-02-02

How to Cite

Оспанов, А., Жалгасбаев, К., & Толунбеков, Н. (2020). Мал шаруашалығы кәсіпорындарын жобалаудағы заманауи талаптардың маңыздылығы. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 6(662). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1834