Мүмкіндігі мол «Lesson Study» тәсілінің тиімділігі
Abstract
Джуманова Светлана Аманжоловна Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы «№2 мектеп-гимназиясы» КММ Қазіргі уақытта әр бір педагог үшін өз білімдерін шыңдау, дамыту басты мақсат болып табылады. Себебі, білім бір орында тұрмайды, ол үздіксіз дамып отырады. Әр күн сайын біз жаңа ашылулар, жаңалықтар оқып көруімізге болады. Сол жаңалықтардың бірі – жаңаша тәсіл – Lesson Study деп аталады. Lesson Study – мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study-ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study-дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық Lesson study, таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады. Lesson Study-дің тарихына көз жүгіртсек, бізге Жапониядан келген. АҚШ-қа бұл әдістемені «дзюгекенкью» деген жапон сөзін «Lesson Study» деп аударған Макота Йошида болды, бұл мектептегі оқуды жетілдірудегі жапондық тәсіл.References
1. Абдраманова Ж.Б., Биярова С.Б., Зейнолдина Г.Т. Lesson Study: өз сабағын зерттегісі келетіндер үшін: әдістемелік ұсыным. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015. – 52-бет
2. Әлімов А. Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану. – Алматы, 2015. – 180-бет
Downloads
Published
2020-02-02
How to Cite
Джуманова, С. (2020). Мүмкіндігі мол «Lesson Study» тәсілінің тиімділігі. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 6(662). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1838
Issue
Section
Articles