ПЕДАГОГ ТҰЛҒАСЫНЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІНІҢ МАҢЫЗЫ

Authors

  • АК Торгаева Республика Казахстан

Abstract

Тұңғыш пpeзидeнтiмiз Н.Ә. Нaзapбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан мұғалімге жүктелген міндет ауыр» деген болатын. Мұғалім – қоғам айнасы. Осы ұғым әншейін айтылған тіркес қана емес, бүгінгі қоғамымыздың дамуындағы ұстаздық қызметтің талабын, қыры мен сырын, жауапкершілігін айқындап бергендей. Бүгінгі мұғалім – қоғам қалаушысы, ана мен бала бағбаны, ол – қоғам қайраткері, жаңалықты дәріптеуші, таратушы. «Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» – деп шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби ұстаз болмысын айқындаған екен. Олай болса, жауапкершілігі шексіз, қадірі мол мамандық иесінің ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі алар орнын әр мұғалім бар болмысымен сезінгені абзал. Өйткені, бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – кәсіби біліктілігі жоғары педагог деп білеміз. Қазіргі таңда ғылымда педагог тұлғасының, оның іс-әрекеті мен қарым-қатынасының құрылымындағы компоненттерді ажыратудың әртекті тұрғылары, оның кәсіби біліктілігінің ерекшеліктері мен қайталанбастығы туралы әрқилы көзқарастар қалыптасқан. Педагог тұлғасының құрылымындағы маңызды компоненттерді оның: кәсіби-педагогикалық мақсаттылығы; кәсіби белсенділігі; кәсіби біліктілігі мен іскерлігі;

References

Алпысов А.Қ., Кервенев Қ.Е. Мектепте математканы оқытудың тәрбиелік мәні. Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру: дәстүрлер мен инновациялардың өзара әркеттесуі. Респ.ғылыми-тәжірибелік конф. материалдары. (23-24 қазан 2018ж.)- Қарағанды,2018. – Б. 173 - 178.

Published

2020-02-02

How to Cite

Торгаева, А. (2020). ПЕДАГОГ ТҰЛҒАСЫНЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІНІҢ МАҢЫЗЫ. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 6(662). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1845