Бастауыш сыныпта жаңа технологиялар негізінде оқушылардың сабаққа қызығушылық қабілеттерін дамыту

Authors

  • ЖТ Баймаганбетова Республика Казахстан
  • Ж Мырзабек Республика Казахстан

Abstract

Еліміздің келешегі – жастар білімі мен тәрбиесіне ерекше назар аударуы біздің көкейіміздегі толғақты сауалдары дөп басып отыр. Өйткені, қазіргі жас буын «бүгінгі еліміздің қонағы, ертеңгі қожасы». Білімді жас – еліміздің құдіреті әлеуеті. Мемлекеттің болашағы – қазіргі жаһандану заманында жастардың әлемдік білім мен ғылымды және ұлттық мәдениетті игеруіне тығыз байланысты. Заман талабына байланысты ХХІ ғасырда жаңа білім беру парадигмаларының енуі күрделі тапсырмаларды шешуге қабілетті, өнімді ойлау мен белсенді қиялдауға бейім шығармашыл тұлға дамыту талабы өсе түсуде. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, әрбір адам бұл өзгерістерді дұрыс қабылдап, тиісінше, өз қызығушылық әлеуетін үнемі белсендіріп отыруы тиіс. Оқу арқылы жақсылыққа жетуге болатыны бәрімізге мәлім. Сондықтан жас ұрпақты тәрбиелей отырып, біліммен сусындыру баршаның міндеті. Қазіргі білім беруші оқытушылардың алдындағы басты мақсат оқушылардың сабаққа қызығушылық қабілеттерін дамыту. Еліміздің іргетасы дұрыс қалануы үшін де, өз ұрпағының өнегелі, енерлі, еңбексүйгіш болып өсуі ушін оқу-тәрбие үрдісінде, әрбір ұстаз тиімді жаңаша тәсілдерді пайдалана білгені жөн. Сабақ барысында оқушылардың сабаққа қызығушылық қабілеттерін дамыту тұрғысынан, оқытудың тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары оқу орындарындағы білім сапасын арттырудың негізі болып табылады. Қызығушылық мәселесі қазақ ойшылдары Әбунасыр Ибн Мұхаммед әл-Фараби, Әбуғали Ибн-Сина және т.б, ағартушы педагогтар А. Құнанбаев, Ы. Алтынсариннің назарынан тыс қалмаған. Мәселен, Әл-Фараби шәкірттің «рухани негізі түзу болса, оның тілегі, қалауы дұрыс болады. Оқу-үйрену нәтижесіне шәкірттің ниеті әсер етеді, көңіл қалауы болмақ» десе, Ы. Алтынсарин, оқушыларды мектепке, сабаққа, кейіннен ғылымға өз бетімен құмарландыратын сабақ, оқушыларға ана тілінде қарапайым тілмен қызықты ұғындырылса, әңгімелер мен ертегілер, мысалдар мен өлеңдер орынды пайдаланылса, олардың білім алуға қызығушылығы арта түседі деген пікір айтады. А.Байтұрсынов, «балаларды қинамай, оңай оқыту керек. Қиналмай оқыса, оқуға балалар қызықпақшы» десе, Ж,Аймауытов «оқытуда қызығусыз үлкен нәтижеге жетпейміз. Бойдағы ынтаны қоздырып, кейбір нәрсеге ынтаны қолдан жасап еріксіз шақырамыз» - деп, оқушылардың ынтасын оятып, қызығушылығын қозғау керектігіне баса назар аударды. Болашақ ұрпақтың ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.

References

1.Ж.А.Қараев, Технология уровневой дифференциации. Алматы «Мектеп» 2005г.

2.М.М.Жанпейісова «модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы, 2002 жыл

3.К.Бұзаубақова, Жаңа педагогикалық технология. Оқу құралы. - Жазушы, 2004. – 208 б.

Published

2020-02-02

How to Cite

Баймаганбетова, Ж., & Мырзабек, Ж. (2020). Бастауыш сыныпта жаңа технологиялар негізінде оқушылардың сабаққа қызығушылық қабілеттерін дамыту. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 6(662). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1852