Шарын шатқалының геоэкологиялық мәселелерінің мектепте география пәндерінде оқытуда қолдану

Authors

  • АЖ Ақжігіт Республика Казахстан

Abstract

Қазақстан тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына батыл қадам басуы, адам капиталының сапасының артуы қоғамның алға қарай жылжуға деген ұмтылысы білікті мамандарды даярлауда жаңаша өнімді экологиялық білім беру тұғырларын талап етіп отыр. Қазақстан Республикасының әлемдік экологиялық білім беру кеңістігі, ұлттық білім беру парадигмасының өзгеруі мен қалыптасуы сапалы мамандар мен кадрларды даярлау мәселесін де бей-жай қалдырмайды. Бұл міндетті жүзеге асыруда шығармашылық тұрғыда ойланып, әрекет ете алатын, инновациялық үдерістерді жүзеге асыра алатын мамандарды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің экологиялық білім беру жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Болашақтағы біздің де ниетіміз осы болмақ. Қазақстан жері кең байтақ, әсем табиғаты мен күнмен таласқан таулары кез-келген адамның көзінің жауын алмай қоймайды. Алайда сол табиғаттың тылсым күшіне айналған орындары біз адамзат баласы шектеусіз пайдаланып, қажеттілігімізге жаратып табиғатты аяусыз жаныштаудамыз, сол іс-әрекетімізді азайтпасақ өзіміздің әсем табиғат байлықтарымызды апатты жағдайға айналуына себепші болып отырамыз. Соның бірі , Шарын шатқалы – ең ірі экзотикалық орындардың бірі. Ерекше шайылған формалар, желденген рельефтер Сізді ертегідегі құм тауларынан жасалған ескерткіштер әлеміне алып кетеді: “Қамалдар аңғары”, “Жалмауыз кемпір шатқалы” және тағы басқа құмды жардың биіктігі 150-300 метрге шейін жетеді. Шарын шатқалы Алматыдан шығысқа қарай 220 шақырым жерде, Райымбек ауданының аумағында орналасқан. Шатқалдың тереңдiгi кей жерде 300 метрге дейiн жетедi. Саяхатшылар үшiн Шарын шатқалы, әсіресе, оның төменгi бөлiгi ғажайып сұлулығымен тартымды [1]. Шарын каньоны. «Каньон» сөзi испан тiлiнде «құбыр» деген мағынаны бiлдiредi екен. Ғалымдардың дерегiне назар салсаңыз, каньондардың пайда болуы құрғақ қыраттардың өз арнасын дамылсыз кеңейткен өзен суларының әсерiнен деп түсiндiредi. Қызғылт каньонның ұзындығы үш шақырымға жуық, енi 20 метрден 130 метр аралығында болып келедi. Тереңдiгi 100 метрге жуықтайды. Солтүстiк Америкадағы Колорадо өзенiнiң Үлкен каньонымен табиғаты бiр, ландшафттық әлпетi ұқсас болуы таңдай қақтырар, аты айтып тұрғандай, Үлкен каньонның ұзындығы 80 шақырым, тереңдiгi де өлшеусiз – 1200 метрден 800 метрге дейiнгi көрсеткiшi Шарынның шағын болса да каньонның ерекше көрiнiсi талайды тамсандырады. Сондықтан да шығар, шалғайдағы Орталық Азияның беймәлiмдеу бiр нүктесiне орыс саяхатшылары Н. Северцев, А. Красновтарға ат басын бұрғызды. Дала төсiндегi таңғажайып әлем – Шарын оларды бей-жай қалдырған жоқ. Қияндағы Қашқарға сапарлап бара жатқан Шоқан Уәлиханов та табиғаты сұлу өңiрдегi ерекше түске боялып тұрған қызғылт каньонға ерiксiз ойға шома қарап, назар аударған да шығар-ау. Себебi дерсiз, табиғаттың өзi жылдар бойына әспеттей алақаныңызға салған жердiң бүкiл қабатының тылсым суретi ойлантпай қоймас. Жарқабақтың сансыз қабаттық алуан бояуы тас шежiренiң беттерiндей сыр ақтарады. Қамалдар аңғарындағы кесек мүсiндердiң қайталанбас кескiндерi де қиялға жетелейдi. Дәл алдыңыздан алып аждаһадай төнiп тұрған құзды көрiңiз. Аз ғана уақытқа кiдiрсең бас салардай кейпi қорқынышты. Тек сандаған топырақ қабаттарынан тұратын ескерткiш сұлба екенiн сезiнгенде барып, iлгерi адымдайсыз. Сол кезде арыстандар сайы алдыңыздан шығады. Құздар ертегiдей, биiктен алысқа көз тастаған үлкен арыстанның алдымен бас мүсiнiн айырасыз, сосын жалбыраған жалы айқындалады, жуан мойны болып қоңырқай тартқан сазқабат көрiнiс бередi. Алға жүрген сайын ғажайып әлем өз құпиясын аша түсердей. Киiз үй аңғарына өткенде ауылға келгендей тыныс аласыз. Күмбезденген биiк төбе ме десеңiз, сәл өтiп барып айнала бере бағамдайсыз, ағараңдап көзге ыстық көрiнер киiз үй. Топырақ қабаттарынан бiреу қанша уақытын шығындап, әдейi қашағандай. Түңлiгi сәл ғана ашылғандай шаңырақ, уық пен керегенiң ұштасқан тұсындағы қара белдеулi ақ шаңқан киiз үй өзiне көпке дейiн жанарыңызды ерiксiз аудартады. Ал мына дiңгек ұстын тас салынған қапшықты елестетедi. Жарқабақтың басынан жүз метрдей тереңдiктегi жалғыз аяқ жолмен қиялға елiтiп, өзiңiзден-өзiңiз күбiрлей алға адымдайсыз. Өйткенi, құжыр-құжыр қабырғалы Шарын жеткiзер жұмбаққа толы сыр жетелей түседi [2]. Шарын каньоны пайда болуы жөнiнде түрлi болжам айтылады. Кейбiр зерттеушiлер бұл өңiр көне Азияның орталығында Алакөл жағасынан бүгiнгi Қытай аумағын алып жатқан теңiздiң таяз сулы шығанағы деген жорамалын ұсынады. Тастай қатқан жасыл түстес саз қабаттан табылған теңiз жәндiктерiнiң бiзге жеткен қаңқаларынан бiлетiнiмiз бiр кездерi теңiздiң түбiнде тiршiлiк үшiн өздi-өзi арпалысып қиямет кешкенiн, салқын судың табанында бiрiмен-бiрi арбасып, ал, дем таусылғанда ұйыса тас болып қалатынын сезбеген де шығар. Уақыт шiркiн ештеңенi кешiрмейдi, жағаға теңiздiң iзiмен шығанақ та ғайып болды. Бәлкiм, тартылған шығанақ орнында көл пайда болып, күндердiң күнiнде Торайғыр бөгетi бұзылып тосқауылдың бәрiн ағызып ала жөнелдi. Әйтпесе мынау сұп-сұр жарқабақ ол жөнiнде сыр айтпайды, тек сазды қабатта қатып қалған теңiз жәндiктерiнiң қаңқаларынан ұққандайсыз. Бұл жөнiнде профессор П. Мариковский былай деп ой түйiндейдi: «Бағзы заманда, үштiк кезеңде, 25 миллион жылға жуық бұрын, жер бетiнде адамзат жаратылмай тұрып, ауқымды да ыстық шөл орнында үлкен көл толқып жатты. Ол қоршап жатқан тауды жемiре табанына күштi саз қабатын ұсақ қиыршық тастармен араластыра жинады. Сосын ауа райы өзгердi, көл құрғады, ал, табанын су шайып отырды. Тiршiлiксiз жалаңаш әрi өте таңсықтау, сазды таулы өңiр пайда болды»[3] Ал, Шарын жөнiндегi бiр аңыздың оқиға желiсi былай өрбидi: «Жаратқан ие арбасымен ұшып келе жатады. Жалаңаш жазығының төбесiнен өтiп бара жатқан тұста байқаусызда отты жебелерiнiң бiрiн қолдан түсiрiп алады. Жан-жағына жалын шаша төмен құлдилаған жебе зуылдаған күйi жерге көлденеңiнен түсiптi. Отты жебе бүлк еткен жер бүйiрiн екiге қақ жара дiңiне дейiн жетiптi. Жер қақ жарылғанда тамырлары үзiлiптi. Үзiлген тамырлардан шапшыған қаннан қуарған топырақтардың түсi өзгерiп сала берген деседi…» [4] Қазақстан  2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Оқытудың парадигмасы өзгеріп, білім берудің мазмұны жаңарды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.

References

1 С.Р.Ердавлетов. География туризма: история, теория. 1993- 52б.

2 Оспанова Г.С, Бозшатаева Г.Т. «Экология».Алматы. 2002-24б.

3 Рыспеков Т.Р. Мониторинг природной среды.Алматы-2003-156с.

4 Оценка воздействия на окружающую среду (ОВОС) для АО «Мойнакская ГЭС» ТОО «КазЦЭП»

5 Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының тиімділігі http://www.rusnauka.com/pdf/239075.pdf

Published

2020-02-02

How to Cite

Ақжігіт, А. (2020). Шарын шатқалының геоэкологиялық мәселелерінің мектепте география пәндерінде оқытуда қолдану. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 6(662). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1855