Педагогикалық феномен ретінде ойынның қызметі мен тиімділігі

Authors

  • ЛД Жамансариева Республика Казахстан
  • А Жаңбырбай Республика Казахстан

Abstract

Қазіргі әлеуметтік жағдай жеткіншек ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелерді ағарту саласында бірінші орынға шығарады. Әсіресе, баланың әлеуметтік бейімделуі, ересектермен, өз қатарластарымен қарым - қатынасты тиімді жасауы педагогикалық-психологиялық теория мен практика үшін аса мәнді. Балалардың жас ерекшеліктеріне қатысты психологиялық дамуы, осыған қатысты оқыту-тәрбиелеу жолдары, мінез-құлық, жүріс-тұрыс қалыпты болмағанда жүргізілетін коррекциялық жұмыстар,зерттеу әдіс-тәсілдерін негіздеген құнды еңбектер баршылық. Ойын бала үшін — нағыз өмір. Егер оқытушы ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру — оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді».Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек. Сабақта ойындар арқылы оқушыларды ұжымшылдыққа баулып,достарын нығайтуға, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеуге болады. Ойындар мінез-құлықтың кейбір теріс түрлерінен (тартыншақтық, менмендік, өкпешілдік, қыңырлық) арылуға көмектеседі. Ойындық әрекет бағдарламасын зерттеген ғалымдар пікірінше ойын педагогикалық мәдениет феномені ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады: Әлеуметтендіру қызметі. Өйткені, ойын – баланы күшті қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу және оған мәдениет байлығын игерту құралы.

References

Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания. - Спб. Питер, 2002, 282 с.

Ермолаева М.Г. Игра в образовательном процессе. Методическое пособие. – Спб.: СпбГУПМ. 2003. – 64 с.

.Нұрғаева Г.Ойын сабақ // Бастауыш мектеп, 2001, №7. -Б.40-46

Қоянбекова.С. Ойын мақсатын талдау және оның мәні // Қазақстан мектебі, 2002, №1-2.-Б. 45-49

Байжұманова. Б. Оқушылардың танымдык қабілетін дамыту //Қазақстан мектебі, 2000, №2.-Б. 29-31

А.Мырзахан.Бастауыш сыныптарда ойын түрлерін тиімді пайдалану. -//Бастауыш мектеп журналы - 2010, №2, 1-76; Алматы

Published

2020-02-02

How to Cite

Жамансариева, Л., & Жаңбырбай, А. (2020). Педагогикалық феномен ретінде ойынның қызметі мен тиімділігі. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 6(662). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1861