Мақсары сорттарының егістік өнгіштігі және сақтау көрсеткіші

Authors

  • Ә Құандық Республика Казахстан
  • ЕИ Есполов Республика Казахстан
  • ДА Мусапиров Республика Казахстан

Abstract

Ауылшаруашылығы дақылдары сорттарын нақтылы топырақ-климат жағдайына бейімдеу, олардың өсіру технологияларын жасаудағы маңызды қасиеттеріне жатады. Егістік жағдайдағы дақылдың бейімделу көрсеткіштерінің біріне олардың егістік өнгіштігі, сақталу көрсеткіші мен бейімделу коэффициенті жатады, аталған көрсеткіштер өсімдіктің көгінің шығуынан өнімді жинауға дейінгі өзгермелі жағдайларға дағдылану деңгейін көрсетеді. Егістік өнгіштікке көптеген факторлар өз әсерлерін тигізеді, оларға аймақтық топырақ-климат жағдайлары, жылдық ауа райы, әсіресе себу-көктеу кезеңіндегі, топырақтың ылғалдылығы және температурасы, тұқымның зертханалық өнгіштігі, мақсарының сорттық ерекшеліктері, қолданылатын агротехника және оның негізгі буындары (себу мерзімі, тәсілі, мөлшері және тұқым сіңіру тереңдігі және т.б.). Жоғары өнім алу үшін сабақтар жиілігін қалыптастырудағы бейімделу коэффициентінің алатын орны ерекше. Өсімдіктің бейімделу коэффициенті дегеніміз, тұқымның толыққанды өсімдіктер қалыптастыру мүмкінділігі және ол пайызбен беріліп, онда себілген тұқым санының жинар алдындағы өсімдіктерге қатынасын пайызбен көрсетеді. Мақсары сорттарының егістік өнгіштіктері мен өсімдіктердің өнімді жинауға дейінгі сақталуы 1- кестеде берілген. Кесте 1 - Мақсары сорттары тұқымдарының егістік өнгіштігі және өсімдіктердің өнімді жинау алдындағы сақталуы (2019 ж.) 1 Милютинский 114 (1st)

References

1. Перспективы масличных культур в Казахстане. –Астана, 2004. -6 с.

2. Күрішбаев А.К. Республика егіншілігне жүйелі даму қажет //Жарш. –Алматы: Бастау, 2004-№6. –Б. 3-4

3. Күрішбаев А.К. «ҚР астық өндірісінің жай-күйі және проблемалары» //Жаршы, -Алматы, 2003, №11, 3-6 б.

4. Мейрман Ғ.Т., Абдуллаев Ә.А. «Мақсарының құнды сорт үлгілері және оларды селекцияда пайдалану». //Жаршы, Алматы, 2012, №7, 1013 б.

5. Мейрман Ғ.Т., Абдуллаев Ә.А. Селекция сафлора в условиях юго-востока Казахстана. Международная конференция «Достижения и перспективы землиделия, селекции и биологии с/х культур». –Алмалыбак, 2010. С.190-192.

Published

2020-02-02

How to Cite

Құандық, Ә., Есполов, Е., & Мусапиров, Д. (2020). Мақсары сорттарының егістік өнгіштігі және сақтау көрсеткіші. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 6(662). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1871