ДИАЛОГ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Authors

  • ЛС Есмагамбетова Республика Казахстан

Abstract

Оқушылардың тілін дамыту белгілі бір жүйемен үздіксіз жүргізіліп, оларды жүйелі сөйлеуге дағдыландыру кешенді жұмыстар мен жаттығулар негізінде ұйымдастырылса, оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы күтілетін білім нәтижелері оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын дамытуға негізделсе, онда оқушылардың тілін дамытудың, сөздік қорын байытудың нәтижесі мен мүмкіндігі арта түседі. Бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын I сыныптан бастап қалыптастырса, онда оқушы келешекте қоғамдық-әлеуметтік ортада ойын еркін жеткізуге, әдеби нормада жүйелі, шебер сөйлеуге дағдыланады. Кіші жастағы балалардың, ең алдымен, ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру қажет. Себебі, олардың сөйлеу әрекеті мектеп табалдырығын аттағаннан бастап қалыптаса бастайды. Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу әрекетін қалыптастыру мәселесінің зерттелу жайы қарастырылған. Ең алғаш баланың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруымыз қажет. Себебі, бала байланыстырып сөйлеуді үш тілдік ортада үйренеді: отбасы, балабақша, мектеп. Байланыстырып сөйлеу -белгілі бір ойды нақты түрде жеткізу және адамдардың өзара түсінісуі. Бастауыш мектепте ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру жұмысы төмендегідей мақсаттарды көздейді: Оқушылардың ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдау. Оқушыларды сөздерді мағыналарына қарай орынды қолдануға, ойын анық та түсінікті жеткізуге үйрету. Яғни, дұрыс сөйлеуге үйрету. Оқушыларға қазақ тілін сүюге, оның нәзік сөз байлығын қолдана білуге және оны сезініп, құрметтей білуге тәрбиелеу. Қоғамдағы қарым-қатынас ауызша сөйлеу немесе жазбаша тілдесу арқылы жүреді. Ауызша сөйлеу тілі — күнделікті тұрмыста қолданылатын, бетпе-бет көріп отырған екі немесе одан да көп адамдардың бір-бірімен сөйлесуі, пікір алысуы.

References

1

Published

2020-02-02

How to Cite

Есмагамбетова, Л. (2020). ДИАЛОГ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 6(662). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1875