Аныз-әпсаналардын жанрлык ерекшелiктерi

Authors

  • ГК Шахажанова Республика Казахстан

Abstract

Аңыз-әпсаналар – ұлттық фольклордың көркемдік ерекшелігі, тағылымы терең салаларының бірі. Аңыздар – сан ғасырлар бойы халықтың өткенін білуге, тануға деген сұранысы мен қызығушылығын өтеп келген бай рухани қазына. Онда қазақ руханиятына қатысты көркемдік танымдармен қатар ұлт пен мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы тарихында болған оқиғалар мен айтулы тұлғалар туралы хабар-деректер де сақталған. Аңыздарды тұтас фольклорлық жанрлар жүйесінде қарастыру және оның ұлт тарихындағы «ақтаңдақ» тұстарды қалпына келтіруге көмектесетін дерек көзі ретіндегі танымдылығын көрсету – көтеріліп отырған мәселенің өзектілігі мен маңыздылығын айқындайтын басты сипаттардың бірі деп санаймыз. Тақырыптың өзектілігі мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының бағытымен де үндеседі. Аңыз әңгімелердің тарихи адамның төңірегіндегі тууының, негізгі себебі сол адамның өз басына істеген, ісіне, белгілі бір тарихи кезеңде атқарған рөліне, әлеуметтік мәні зор еңбегіне байланысты. Ол адам батыр, не ел басшысы, «ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен» шешен би немесе әділеттік іздеуші, халық мұңын жырлаушы күрескер болуы мүмкін. Бірақ ол адамдардың іс-әрекеттерімен байланысты айтылған әуелгі шындыққа қоспалар қосылып, сол істепті-міс, айтыпты-мыс деген әр түрлі лақап біртіндеп аңызға айналды. Оны әңгіме, жыр етіп, біреуден жаттап алып, кейінгі ұрпаққа қалдырады. Аңыз әңгімелерге қиял көп араласса да, әлгі аңызға айналған адамның өзі кәдімгі қарапайым адамның қатарында қала берді. Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Қорқыт т.б. – бәрі де шындықтағыдай, жай адамдар ретінде суреттеледі. Аңыз әңгімелердің бәрі бірдей бір сюжет, бір идеялық мазмұны да бола бермейді. Тақырыбы бір болғанымен, идеялық мазмұны әр басқа болуы да мүмкін. Аңызда әр топтың өкілі өзінше баяндап, өзінше түсініп, оны өз тобының көзқарасына лайықтап, өз мүдесіне пайдалануға әкеп тірейді. Қазақта Асан қайғы туралы аңыз әңгіменің бірнеше нұсқасы бар. Кейбіреулерінде ол өз халқына бақыт іздеп, Жерұйық тапса, жақсылықты алдан күтсе, кейбіреулерінде ол хандардың қамқоршысы кейпінде көрінеді, сары уайымға салынады.

References

1. Қасқабасов С. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ фольклористикасы // Қазақ фольклористикасының тарихы – Алматы: Ғылым, 1988. 146-147 б. б.

2. Қасқабасов С. Таңдамалы. – Астана: Фолиант, 2014 Т.1. Қазақтың халық прозасы. Зерттеулер. – 320 бет

3. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 240 б.

4. Элиаде М. Миф о вечном возвращении / Пер. с фран. Е.Морозова (1, 2.

глава), Мурашкинцева Е. (3, 4 глава).1998.

5. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы: Ана тілі, 1991. – 412 б. 6. Қондыбай С. Қазақ мифологиясына кіріспе. –Алматы: Арыс баспасы,

7. Қасқабасов С. Ойөріс – Астана: Фолиант, 2009. – 320 б.

Published

2020-02-02

How to Cite

Шахажанова, Г. (2020). Аныз-әпсаналардын жанрлык ерекшелiктерi. Pridneprovskiy Scientific Bulletin, 6(662). Retrieved from http://www.rusnauka.com/index.php/rusnauka/article/view/1880